26.10.2017, 11:08
Қараулар: 17
Шеберлік сыныптарын көрсетті

Шеберлік сыныптарын көрсетті

04.26.10.17Сырым аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп базасында «Білім мазмұнының жаңаруына байланысты оқыту үдерісін жоспарлау және критериалды бағалауды жүзеге асыру жолдары» тақырыбындағы семинар-кеңес өтті.

Оған Сырым, Қаратөбе аудандарының қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, биология, химия, география, тарих, дене шынықтыру, көркем еңбек пәндерінің мұғалімдері мен әдіскерлері қатысты. Семинардың мақсаты жаңар­тылған білім мазмұнының ерекшеліктері мен пробле­малары, оларды шешу жолдарын айқындау болды. Семинардың ашылу салтанатында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Зәмзагүл Ерғазиева, Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльвира Айдыналиева сөз сөйледі.

Секцялық жұмыс кезінде Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары шеберлік сыныптарын көрсетті. Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, биология, химия, география, тарих, дене шынықтыру, көркем еңбек пәндері бойынша жаңартылған оқу жоспары сабақ беру үлгілерін үйретті.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА