26.10.2017, 11:17
Қараулар: 23
Жаңа басшылар таныстырылды

Жаңа басшылар таныстырылды

06.26.10.17Аудан активінде Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев кадрлық өзгерістерге байланысты жаңадан тағайындалған басшыларды таныстырды. Аудан әкімінің 2017 жылғы 24 қазандағы №209 өкімімен Сырым ауданы әкімінің орынбасары болып Ахметов Ерболат Әжмұханбетов тағайындалды.

ҚР Қорғаныс Министрінің 1-ші орынбасары, ҚР Қарулы күштер бас штабы бастығының 2017 жылғы 10 шілдедегі № 198 бұйрығымен Сырым аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы болып Дюсембиев Абат Мағажанұлы тағайындалды.

Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті бастығының 2017 жылғы 12 қазандағы № 223 бұйрығымен Сырым аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы болып Қожахметов Бақтығали Серғалиұлы тағайындалды.

Сырым ауданы әкімінің 2017 жылғы 20 қазандағы №206 өкіміне сәйкес аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болып Баяндықов Арман Толқынұлы тағайындалды.

Актив жиынында күн тәртібіндегі мәселе санитарлық-тазалық айылығының өткізілу барысы туралы аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мейрам Қайырғалиев пен Жымпиты ауылдық округінің әкімі Қайрат Төлепов хабарлама жасады.

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ақан Жұмағұлов ауданға келіп, Сырым аудандық сотының төрағасы Баймұханова Ботагөз Елеуқызын аудан активіне таныстырды.

Өз тілшімізден.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар