9.11.2017, 16:04
Қараулар: 158
Пилоттық жоба — өз нәтижесін беруде

Пилоттық жоба — өз нәтижесін беруде

06.09.11.17Елімізде   2015 жылдың   26 сәуірінде ҚР   Президенті Н. Назарбаев 5 институционалдық реформаны іске асыру жөнінде «100 нақты қадам» атты Ұлт Жоспарын ұсынғаны белгілі. Осы Ұлт Жоспардың 84-ші қадамында   әлеуметтік көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берілетін болады делінген.

Біздің өңірде 2016 жылдан бастап екі жыл қатарынан әлеуметтік мұқтаж топтарды қолдауға және отбасындағы нақты табысты арттыруға бағытталған “Өрлеу” пилоттық жобасы жүзеге асырылып келеді. «Өрлеу» жобасы – отбасына қайтарымсыз шартты ақшалай көмек беріп қана қоймай, сол отбасыдағы еңбекке қабілетті әр мүшелеріне жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру, яғни жұмыссыз жүрген азаматтарға мемлекет есебінен оқуға жіберіледі, жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға орналастыру. Сонымен қатар, отбасы әлеуметтік бейімдеу шараларына қатыса алады. Олар тұрғын үй көмегі, қаржылық және материальдық, білім беру мекемелерінде білім алу кезеңінде азаматтарға әлеуметтік сияқты көмектер болып табылады.

«Өрлеу» жобасын жүзеге асыру барысында   Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде шарттық негізінде ассистенттер және әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші қызмет атқарып келеді. Олар әрбір адаммен жеке сөйлесіп, қажетті көмекті қалай алып, тиімді жұмсауы үшін қажетті ақпараттарды беріп, тиісті шараларды атқарады.

2016 жылы 11 отбасы соның ішіндегі 61 адамына 2573,1 мың теңге шартты ақшалай көмек көрсетілді. Көрсетілген көмекке 17 ірі қара және 18 ұсақ мал сатып алынды. Сол алынған малдардың алды төлдеп, бір бастары екі басқа айналып, үй иелерін қуанышқа бөлеуде. Көмек көрсетумен қатар, 9 жұмыссыз адамдар тұрақты және маусымдық жұмыстарға орналастырылса, 5 жұмыссыз жан қоғамдық жұмысқа тартылды.

2017 жыл бөлінген қаражат көлемі ұлғайып аудан бойынша 19 елді мекенді қамтып, 58 отбасыдағы 266 адамына 11494,0 мың теңге шартты ақшалай көмек тағайындалып, төленді. 58 отбасы сол қаражатқа 67 ірі қара, 95 ұсақ мал сатып алып, отбасылар өз ризашылықтарын білдіруде. 2 отбасы өз кәсібін ашып тоқыма бұйым және көрпе жасап өз жұмысын дөңгелетуде.

35 жұмыссыз тұрақты және маусымдыққа орналасса 26 жұмыссыз қоғамдық жұмыстарға тартылып және 4 адам кәсіптік оқу оқуда.

Көмек алған 266 адамнын 114-і бейімдеу шараларына қатысып әр түрлі көмектер алды. Атап айтсақ, жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен берілетін әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, «Мектепке жол» ақциясы аясында және қайырымдылық айлығындағы көмектер.

Жоба аясында, әрбір азаматты жұмысқа орналастыру үшін жолдама беріп, жұмыс берушімен ол адамның арасында еңбек шартын толтырып, міндетті зейнетақы төлемдерін уақытылы аударуын қатаң қадағалаудамыз. «Өрлеу» жобасы аясында азаматтардың тұрмысы жақсарып көмек алуларына барлық жағдай жасалған деп толық айтуға болады. «Өрлеу» жобасының өрелі істері өзіндік жалғасын таба бермек.

Әзілхан Уталиев,

Сырым ауданы бойынша

«Өрлеу» жобасының кеңесшісі

100 нақты қадам

Басқа да мақалалар