23.11.2017, 17:08
Қараулар: 239
Сақтандыру жүйесіне арналды

Сақтандыру жүйесіне арналды

03.23.11.17«Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалының мәжіліс залында үкіметтік емес ұйымдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы жиын өтті. Жиынға Сырым аудандық орталық ауруханасының меңгерушісі А.Серікбаева мен «Ақ отау» отбасы орталығының төрайымы Алтынай Искалиева қатысты.

Мемлекеттің денсаулық сақтау саласы медициналық сақтандыру жүйесі қолданысқа салады деген ұсыныс шыққалы бері қазақстандық қоғам алуан пікірдің алаңына айналып үлгерді. Пікір әрине көп әрі әр алуан, бірақ бұл жерде құндылық біреу – ол, адамның денсаулығы. Жаңа сақтандыру жүйесі азаматтарды денсаулыққа сыр бергенде ғана көңіл бөлмей, сау кезінде сақтандыруға, барды бағалауға шақырғысы келеді. Мамандар осыны жеткізді.

Жиынға қатысушылар негізінен халықтың дәрежесін анықтау жұмыстарына мұқият болу керек дегенді айтып отыр. Жүйенің жұмысы сонда ғана нәтижелі болмақ.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ