30.11.2017, 11:41
Қараулар: 249
Арыз-шағымға – сауатты жауап

Арыз-шағымға – сауатты жауап

06.30.11.17Аудан әкімінің үлкен мәжіліс залында ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарау тәртібі» Заңын түсіндіру жөніндегі кеңес өтіп, оған аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ахметов пен аудан прокуроры Қанәбіл Төремұратов қатысты.

Аудан прокуроры Қ.Төремұратов арыз-шағымдарды қараудың тәртібін, заңның талаптарын түсіндірді. Оның айтуынша, арыз-шағымдарды қарап, оларға жауап беруде кездесетін олқылықтар – арыз-шағымға толық, сапалы жауап бермеу, жауап беру мерзімінің бұзылуы. Осы екі кемшілік арыз-шағымға жауап берудің жұмысын, қағазбастылықты көбейтіп отыр. Арыз-шағымға заңның әр бөліміне, тармағына, бабына сүйене, сауаттылықпен жауап беру қайталама арыздардың азаюына сеп болады. Биыл облыс бойынша ауыл шаруашылық, Еңбек департаменті, білім саласындағы бақылау, облыс әкімдігі, құқық, ТҮКШ саласында арыздардың саны басым болып отыр. Түскен арыз-шағымға сол мекеменің құзырында жауап берілмейтін болса, үш күннің ішінде тиісті мекемеге жолдануы тиіс. Ал, егер арыз түскен мекеме жауап беру қажет болса, жауабын 15 күннің ішінде беру міндет.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА