30.11.2017, 11:43
Қараулар: 314
Аймақтық кәсіпкерлер кеңесі

Аймақтық кәсіпкерлер кеңесі

05.30.11.17Сырым ауданындағы аймақтық кәсіпкерлер кеңесі өтіп, оған аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, БҚО кәсіпкерлер Палатасының директоры Нұрлан Қайршин, аймақтық кеңес төрағасы Ғанимат Нұрмұханов қатысты.

Сырым аудандық Кәсіпкерлер Палатасының директоры Айдынғали Балғалиев кәсіпкерлік саласының дамуына кедергілер туралы баяндады. «Кейбір елді мекендерде бас құрылыс жоспары жоқтығына байланысты кәсіпкерлік нысандары құрылысына жер берілмей отыр. Жер кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, жерді комиссияның шешімі арқылы беруді қалдырған дұрыс»,- дейді А.Балғалиев. «Аграрлық несие корпорациясы арқылы берілетін «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларын да қайта қарап, жандандыру қажет.

Аймақтық кеңес төрағасы Ғанимат Нұрмұхановтың айтуынша, мемлекеттік бағдарламаларды біздің жерге тиімді етіп жасау керек. Мал шаруашылығында мамандар жетіспейді. Мал дәрігері, есепші, құрылысшы, малды асылдандырушы инспектор, зоотехник, агрономдар жоқ. Жастардың арасында аталған мамандықтарға оқығандары болса да, көбіне әкімшіліктің, мемлекеттік қызметтің айналасында еңбек етуге тырысады. Ауданда қой мен сиыр бағуды көбейте бергеннен гөрі, өндірісті дамытуға көшетін кез келді.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА