30.11.2017, 11:47
Қараулар: 23
Мердігерлер жеңілдік жасады

Мердігерлер жеңілдік жасады

04.30.11.17Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев Тұңғыш Президент күніне орай Бұлдырты ауылының Жақсылықовтар және Бұлан ауылының Зиятовтар отбасына көгілдір отын кіргізу үшін сертификат табыс етті.

Ашығын айтсақ, Гүлшат Зиятова жалғызбасты ана, үш қызының үлкені студент және екі мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отыр. Бұлан ауылына газ құбырын тарту жұмыстарын жүргізген мердігер «Экодаши и К» ЖШС-ның директоры Қазбек Гусманов жеңілдік жасап, аудандық мекеме басшылары қаржы жинап, Г.Зиятованың үйіне көгілдір отын кіргізіп бермек.

Бұлдырты ауылының тұрғыны Думан Жақсылықов көп балалы әке, мүмкіндігі шектеулі сәбиі бар, зайыбы жұмыссыз. Бұл отбасына «Басремстройсервис» ЖШС-ның директоры Армат Төлегенов жеңілдік жасады. Газ өткізуге қажетті соманы аудандық мекеме басшылары асар жасап, жинап берді.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар