7.12.2017, 12:10
Қараулар: 109
Мәдениет қызметкерлерінің семинары

Мәдениет қызметкерлерінің семинары

02.07.12.17Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен, аудандық «Демалыс орталығы» МКҚК, «Мәдени – демалыс жұмысын ұйымдастыру» бөлімінің ұйымдастыруымен мәдениет қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мен дамытуда ұлттық құндылығымызды дамыту, сондай ақ, ауыл мәдениетін көтеру мақсатында   «Мәдениет ошақтарының жұмыстарын жақсарту – уақыт талабы» атты мәдениет қызметкерлерінің аудандық тәжірибелік семинар-кеңесі оздырылды.

Аталмыш семинар-кеңеске аудандық, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарының қызметкерлері қатысты. Семинар барысы бойынша негізгі салалар ауылдық, аудандық мәдениет қызметкерлері 5 командаға бөлініп, берілген тақырыптарға байланысты тапсырмаларын қорғаса, аталмыш командаларға аудандық «Демалыс орталығы» МКҚК-ның қызметкерлерінен құралған сарапшы мамандар А.Лұқпанова, Т.Шайхиев, А.Мурадимова, Л.Даулова, Е.Өтенғалиева өздерінің ой-пікірлерін айтып, түрлі сұрақтар қойды.

Сондай-ақ, семинар кеңес барысы бойынша аудандық демалыс орталығының ұйымдастырушы мамандары Гүлсара Зинуллина, Жоламан Еркін, Нұрсұлтан Қалешовтар мәдениет өызметкерлерінің достық қарым-қатынасын нығайту мақсатында тренинг ойындар ойнатты. Семинарда өзіндік білімділігін, ой ұшқырлығын, шапшаңдығын таныта білген мәдениет қызметкерлеріне дипломдар табыс етілді.

Динара Ихсанова,

мәдени – демалыс жұмыстарын ұйымдастыру

бөлімінің меңгерушісі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар