7.12.2017, 12:28
Қараулар: 281
Күзет бөлімшесіндегі мерекелік шара

Күзет бөлімшесіндегі мерекелік шара

05.07.12.17Қараша айының 28-і күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне байланысты Батыс Қазақстан облысы Мамандандарылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі 2 полиция батальоны 5 полиция взводының Сырым аудандық бөлімшесінің полицейлері полиция кіші сержанты А.Кабиев пен қатардағы полицей С.Жаудатовтың салтанатты ант қабылдау рәсімі өткізілді. Аталған шара Сырым ауданы Жымпиты ауылы Қазақстан көшесінде орналасқан мәңгілік алау алаңында өтті. Осы салтанатты іс-шара полиция қызметкерлерінің сап түзеуімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын шырқауымен ашылды. Шараға Батыс Қазақстан облысы Мамандандарылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары полиция майоры Е.Койшиев, аталмыш мекеменің 2 полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы полиция подполковнигі Е.Мурзагалиев және Сырым аудандық ІІБ бастығының орынбасары полиция майоры Ж.Мурзашев қатысты. Қызмет өткеру кезінде көзге түскен қызметкерлер полиция аға сержанты А.Изгалиев пен полиция сержанты Р.Кумаргалиев БҚО МКҚБ ММ бастығының грамотасымен марапатталды. Соңынан Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану мұражайында жас полиция қызметкерлерін қатыстыра отырып, «Қазақстанның даму тарихындағы ұлттық мерекелердің рөлі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Соңынан Елбасымыздың 100 нақты қадам-Ұлттық жоспары мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы таныстырылды.

Д.Мамбетьяров

БҚО МКҚБ ММ 2 ПБ 5 взвод командирі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар