7.12.2017, 15:33
Қараулар: 171
Жемқорлыққа орын жоқ!

Жемқорлыққа орын жоқ!

10.28.07.16«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-ші қадамы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайтуға көңіл бөлінгені белгілі. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы 2016 жылдан бастан күшіне енді. Аталған құжат 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиянын жүзеге асыруға бағытталады.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма алты жылдай уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол — Президенетіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

А.ИшанҒалиева,

Сырым ауданының Әділет

басқармасының жетекші маманы

100 нақты қадам

Басқа да мақалалар