7.12.2017, 15:36
Қараулар: 269
Гендерлік тепе-теңдік

Гендерлік тепе-теңдік

Соңғы жылдары ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым көп айтылып жүр. Гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi. Әйелдердің өзінен жыныстар теңдігінің тұжырымдамасына қарай, қоғамның барлық құрылымын және еркектер мен әйелдердің арасындағы барлық қатынастарды тіршілік әрекетінің барлық салаларында қайта бағалау және тиісті қайта құру қажеттілігін тану арқылы негізгі зейінді аудару қажеттілігін тану арқылы 1995 жылы Пекинде өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының әйелдер жағдайы жөніндегі Дүниежүзілік төртінші конференциясында тұнғыш рет айқын тұжырымдалды. Қоғамды және оның институттарын тек осылайша түбегейлі қайта құру жолымен ғана, өмірдің барлық салаларында әйелдер мен еркектердің шынайы тең серіктестер бола алатыны нақ сол жерде көрсетіледі.

Гендер әлеуметтендірудің белгілі бір жүйесі, еңбекті бөлу, қоғамда қабылданған нормалар, рольдер мен стеротиптер арқылы құралады. Қоғамда қабылданған гендерлік нормалар белгілі бір дәрежеде психологиялық қасиеттерді, қабілеттерді, қызметтің түрлерін, биологиялық жынысына қарай адамдардың мамандықтарын анықтайды. Бұл орайда гендерлік рольдердің әмбебеп мазмұны жоқ және олар түрлі қоғамдарда айтарлықтай өзгешеленеді.

Әйелдердің өзінен жыныстар теңдігінің тұжырымдамасына қарай, қоғамның барлық құрылымын және еркектер мен әйелдердің арасындағы барлық қатынастарды тіршілік әрекетінің барлық салаларында қайта бағалау және тиісті қайта құру қажеттілігін тану арқылы негізгі зейінді аудару қажеттілігін тану арқылы негізгі зейінді аудару қажеттілігі 1995 жылы Пекинде өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының әйелдер жағдайы жөніндегі Дүниежүзілік төртінші конференциясында тұңғыш рет айқын тұжырымдалды. Бұл орайда «гендер» (әлеуметтік жыныс) терминінің өзі әлемдік қоғамдастық үшін біршама жаңа ұғым, өйткені ол тек XX ғасырдың соңғы үштен бір бөліктегі мерзімінде ғана пайда болды. Өзінің таяуда ғана пайда болғанына қарамастан, осы термин қазіргі заманғы ғылыми әдебиетте ғана емес, сонымен бірге халықаралық пікірталастар мен құжаттарда нық орныңып үлгерді.

Ең кең ауқымдағы ұғымда «гендер» сөзі әлеуметтік — мәдени сындарды білдіреді: әйелдер мен еркектердің рөлдеріндегі айырмашылықтар және солардың арасындағы қатынастар, бұларды белгілі бір уақыттық бөлікте нақты географиялық орында қоғам қалыптастырады. Рольдер мен қатынастар өзгермейтін құбылыстар емес. Қазақстанда гендерлік саясатты жүргізу жұмысын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы, Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) және Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы мен гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі төмендегі халықаралық келісім-шарттар аясында отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

Қазақстанда бұл бағыттағы жұмысқа көп көңіл бөлінеді. 1999 жылы ел Президентінің бастамасының аудандық буындарға дейінгі ішкі істер құрылымдарында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшелер құрылды. Қазақстан бұрынғы кеңестік кеңістіктегі мұндай құрылымды құрған жалғыз ел болып табылады.

Елбасымызбен Қазақстан Республикасындағы гендерлік тепе-теңдіктің стратегиясы жөнінде Жарлық бекітілген болатын. Аталған гендерлік Стратегиясын жүзеге асырудың маңызды сатыларының бірі – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

М.Тулешова,

ҚР БП ҚСжАЕАЖК

БҚО бойынша басқармасының

статистик маманы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар