21.12.2017, 11:03
Қараулар: 53
Жаңа басшылар таныстырылды

Жаңа басшылар таныстырылды

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Бұлдырты ауылдық округінің активіне округтің әкімі Ерлан Мақашевты таныстырды.

Ерлан Мақашев осыған дейін де Бұлдырты ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған. Мерзімі бітуіне байланысты қайта сайланған әкімнің алдында тұрған міндет көп. Келесі жылы Бұлдырты ауылдық округі дербес бюджетке ие болады деп жоспарлануда. Осы арқылы Бұлдыртының әлеуметтік– экономикалық дамуы жаңа бағыттарды айқындайды. Сонымен қатар,  аудан әкімі Төлеген Төреғалиев округ әкіміне жергілікті мектеппен бірлесіп ауыл тарихын түгендеу жұмыстарын жүргізуді де тапсырды.

Актив жиналысынан кейін аудан әкімі Төлеген Төреғалиев орынбасары Ерболат Ахметовпен бірге Бұлдырты ауылының С. Датов көшесінен салынған 10 бір пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарының аяқталуымен танысты.

*        *         *

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиевтің өкімімен  Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып Өркен Әменов тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға аудан әкімі Төлеген Төреғалиев таныстырды.

Әлеуметтік сала, соның ішінде жұмыспен қамту мәселесі – бүгінгі күні тұтас елдің де, тұтамдай елді мекеннің де тағдырын шешіп отырған сала. Басқалар секілді, Сырым ауданы да өзінің әлеуметтік — экономикалық даму дәрежесін әлеуметтік саламен тығыз байланыстырады. Бөлімнің жаңа басшысының алдында осындай ірі міндетті атқару сенімі тұр. Аудан басшысы жаңа басшы өзінің біліктілігі мен тәжірибесін игілікке жұмсайды деген ниетте.

Айта кетейік, Өркен Әменов осыған дейін Алғабас ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы