21.12.2017, 11:40
Қараулар: 192
Салтанатты түрде қабылдады

Салтанатты түрде қабылдады

ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Сырым аудандық орталық мұсылмандар мешітінің экс–имамы Бақытжан Сабырәлиевті салтанатты түрде қабылдады.

– Сіз Сырым ауданының өкіл имамы болған кезінде аудандағы діни ахуалды реттеуге үлкен еңбек сіңірген адамсыз. Діни біліміңіз  басшы ретіндегі іскерлігіңіздің өзі Сырым ауданының рухани әлеуетін жаңа биікке бастады. Сізге әріптесіңіз есебінде ел үшін жасаған еңбегіңіз үшін алғыс білдіремін! – деді аудан әкімі өзінің сөзінде. Аудан басшысы Бақытжан Сабырәлиевке арнайы алғыс хат тапсырып,  жерлес ақын Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығы топтасқан 18 томдық еңбекті сыйға тартты.

Бақытжан Сабырәлиев бүгінгі күні Батыс Қазақстан облыстық мешітінде наиб  имам қызметін атқарады.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар