11.01.2018, 16:56
Қараулар: 11
АУДАН ӘКІМІ Т.ТӨРЕҒАЛИЕВТІҢ 2017 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІНДЕ ЖАСАЙТЫН БАЯНДАМАСЫНАН ТЕЗИСТЕР

Алдымызға қойылған міндеттер Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Бес институционалдық реформасының және Ұлт жоспары-100 нақты қадам шеңберінде, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында орындалуда.

Ауданымыздың даму тенденциясы тұрақты экономикасымен, дамып келе жатқан ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес, әлеуметтік салаларымен сипатталады. 2017 жылдың қорытындысы Сырым ауданының тұрақты әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын көрсетеді.

Аудан бюджеті  2017 жылы 4775,3 млн. теңге (2016 жылы — 4164,6 млн. теңге) көлемінде жоспарланып, 100% игерілді. 2016  жылғы аудан бюджетімен салыстырғанда 14,7 %-ға өсіп отыр.

Өзіндік кірістер бойынша жоспар 443,4 млн. теңге (2016 жылы — 386,3 млн. теңге) болып белгіленсе, нақты 450,0 млн.теңге (2016 жылы — 407,2 млн. теңге) көлемінде немесе 6,6 млн. теңгеге (2016 жылы — 20,9 млн. теңгеге) артық орындалды. Өзіндік кірістердің жалпы кірістердегі үлесі – 9,4%-ды (2016 жылы — 9,7%-ды) құрады. Аудан бюджетінің әлеуметтік саланы қаржыландыруға бюджет қаражатының үлесі 60,1 пайызды (2016 жылы — 62,8%) құрайды. 2017 жылдың  ішінде аудан бюджетінің өзіндік кірістерін 1 рет нақтыланып,  барлығы 50,0 млн.теңгеге (2016 жылы — 96,3 млн. теңгеге) ұлғайтылды.

Ауданда негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі    2017 жыл бойынша – 1,8 млрд. теңге (2016 ж.–1,5 млрд. теңге).

Ауыл шаруашылығы саласында 2017 жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі  9 млрд. 36 млн. теңгені (2016 жылы — 7,7 млрд. теңгені) құрады.

Ауданда 398 агроқұрылым тіркелген, с.і. 366 ШҚ, 11 ЖШС және 21 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері.

Ауыл шаруашылығы дақылдары 10057 га көлемінде егіліп, орташа өнімділігі әр гектарына 12,4 цн келді, барлық алынған өнім 12426 тн. Мал азықтық дақылдар 2791 га егіліп, әр гектарға орташа өнімділігі 11,7 цн келіп, барлық алынған біржылдық шөп 3268 тоннаны құрады. Мемлекет тарапынан егін шаруашылығына 27,955 млн. теңге (2016 жылы — 18,2 млн. теңге) субсидия төленді.

2017-2018 жылдың мал қыстағына 128,3 мың тонна мал азығын даярлау жоспарланған болса, 131,77 мың тонна мал азығы дайындалып, 102,7 пайызға орындалып отыр. Өткен қыстан 21,56 мың тонна мал азығын қосқанда барлығы 153,33 мың тонна мал азығы даярланды.

Аудан бойынша соңғы 5 жылда техника паркін жаңарту мақсатында 102 дана трактор, 27 дана шөп шапқыш, 58 дана шөп тайлағыш және 5 дана жатка алынып отыр, с.і. 2017 жылдың үлесінде 27 техника, с.і. 25 данасы лизинг арқылы, 2 данасы өз қаражатына сатып алынды.

Ауыл шаруашылығы саласын қолдау мақсатында үстіміздегі жылға мал шаруашылығына 277,3  млн. теңге, өсімдік шаруашылығына 27,955 млн. теңге, «Казагромаркетинг» арқылы жаңадан алынған техникаларға инвестициялық субсидия көлемі 126,2 млн. теңге, бруцуллез малдарды жоюға 2,3 млн. теңге өтемақы бөлінді.

2017 жылдың 12 айына ірі қара малы 7,6 пайызға өсіп 44171 басқа (2016 жылы — 41052 бас) жетті, ұсақ мал  6,9 пайызға кеміп 78438 басқа (2016 жылы – 84268 бас) жетті, жылқы малы 12,6 пайызға өсіп 15926 басқа (2016 жылы — 14141 басқа) жетті.

Аудан бойынша 12 шаруашылықта 3111 бас асыл тұқымды ірі қара малы тіркелген. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 244 бас ірі қара сатып алынып, 64,2%-ға орындалды, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 697 бас қой сатып алынып, 230,8%-ға орындалды, «Құлан» бағдарламасы бойынша 290 бас жылқы алынып, 293%-ға орындалды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге келетін болсақ (12 ай қорытындысымен) 6105,7 тонна ет, 14412,6 тонна сүт, 1 миллион 766 мың дана жұмыртқа, 219,5 тонна жүн өндірілді.

2017 жылы селекциялық жұмыстарға 13 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі қатысып, 1234 бас аналық 19,74 млн. теңге субсидия төленді.

Мемлекеттік «Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» ауыл шаруашылығын дамытуға жаңа серпін берері сөзсіз. «Береке» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарын кооперативтерге тартып, ауылдық жерлерде жұмыспен қамту мәселесін шешуге басымдық берілуде. Күні бүгінгі 4 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі  құрылды. Қазіргі таңда 88 жеке кәсіпкерге 240 млн. 400 мың теңге көлемінде жеңілдетілген несие беріліп, 1194 бас сатып алынып, бордақылауға қойылды және 204 басы етке өткізіліп отыр.

Аудан бойынша ветеринариялық шараларға тоқталсақ, бруцеллез ауруына серологиялық зерттеу жұмыстары жылдық жоспар бойынша ірі қара 49775 бас (2016 — 56624 бас), ұсақ мал 124374 бас (2016 — 127587 бас)  толық зерттелді. Зерттелген ірі қара малдың 862-нен (2016 — 355-нен) ауру анықталып, жұғу пайызы 2,6%-ды, ұсақ малдың 150-нен (2016 — 74-нен) аурулар анықталып, жұғу пайызы 0,1%-ды құрады.

Бірдейлендіру жұмыстары шеңберінде 21518 бас (2016 — 25609 бас) ірі қара, 61600 бас (2016 — 68162 бас) ұсақ мал, 13 бас түйе сырғаланса, 4268 бас (2016 – 2527) бас жылқы таңбаланды.

Ауданымыздың шағын және орта бизнес саласында 1132 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген болса, олардың 377-і ауыл шаруашылығында, 32 — құрылыс, 123 — көлік және байланыс, 270 — саудада,   қоғамдық тамақтану – 22, 308-і — басқа салаларда қызмет атқаруда.

Аталған бизнес субъектілері қазіргі таңда ауданымыздың 2257 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Олар, ауыл шаруашылығында -840, саудада — 400, құрылыста — 191, көлік және байланыс саласында — 93 және басқа салаларда — 733 адам еңбек етуде. Жаңадан 158 кәсіпкерлік субъектілері тіркелді (2017 жылдың 11 айымен). 2016 жылдың осы  кезеңмен салыстырғанда жаңадан тіркелген кәсіпкерлер саны 10,8 пайызға артты. Шағын және орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 8797 млн.теңге, 2016 жылмен салыстырғанда 28%-ға артты. Осы сала бойынша салық түсімі есептік кезеңде 148,1 млн. теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 3,1 есеге өсіп отыр.

2016-2020 жылдарға арналған  шағын және орта бизнес саласының даму жоспары бойынша  2017 жылы 3 жоба жүзеге асырылды, құны 206,0 млн.теңге, 14 тұрақты жұмыс орындары ашылды. Ағымдағы жылы қалған жобалар іске асырылады деп жоспарлануда. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы 114 шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 470,44 млн.теңге көлемінде несие берілген (2017 жылдың 11 айымен).

Жазғы маусымда аудан орталығында 29 рет ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері оздырылса, облыста өткен 2 жәрмеңкеге аудан тұрғындары белсене қатысып, барлығы 26,7 млн. теңгені құрайтын 78,7 тонна ауыл шаруашылық өнімдерін саттыққа шығарды.

Ауданның құрылыс саласында 32 жеке тұрғын үй пайдалануға беріліп, жалпы алаңы 3921,0 шаршы метрді құрады, 2016 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 101,4 пайызға орындалып отыр.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Жымпиты ауылында 14, Бұлдыртыда 10 жалдамалы-коммуналдық тұрғын үй құрылыстары жалпы құны 191,4 млн. теңгеге жүргізіліп,пәтер кілті тұрғындарға табысталды.

Сонымен қатар, Шолақаңқаты өзеніндегі су жіберу құрылғысы 103,6 млн. теңгеге және Өлеңті көлдетіп суармалау жүйесін 103,7 млн.теңгеге қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Жымпиты ауылындағы әкімшілік ғимараты құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының құны – 39,9 млн. теңге.

Ауыз сумен қамту жұмыстарына тоқталсақ, аудан бойынша 13 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылып, жалпы ұзындығы 183 км құрады. Жамбыл және Қосарал ауылына «Сырым» МКК-мен ауыз су ауыз суды тасымалдануда. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында өткен жылы Қоңыр, Тамды ауылдарының ауыз су желісін жаңғырту жұмыстары 147,6 млн. теңгеге,  Аралтөбе ауылының ауыз су желісін жаңғырту жұмыстары 270,5 млн. теңгеге жүргізіліп, іске қосылды. Сонымен қатар, биылғы жылы Бұлдырты ауылының су құбырының құрылысы, құны 280,6 млн.теңгеге жүзеге асырылатын болады.

Мұның сыртында «Сырым» МКК арқылы Жымпиты, Тоғанас, Аңқаты, Бұлан, Қосарал елді мекендеріне техникалық су тартылды. Тоғанас елді мекенінде су ұңғымасын қоршау, Қазақстан елді мекенінде мұнара орнату, Шағырлой елді мекеніне қосымша ұңғыма тарту жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі уақытта аудан бойынша сапалы ауыз сумен тұрғындардың  74,5% пайызы қамтылған.

Көгілдір отынмен қамту жұмыстары бойынша қазіргі уақытта  ауданның 29 елді мекені көгілдір отынға қосылып, тұрғындардың 99% қамтылып отыр.

Өткен жылы аудан бойынша 6 елді мекенге (Тоғанас, Аңқаты, Қарағанды, Құспанкөл, Жаңаөңір, Сасықкөл елді мекендері) көгілдір отын қосылды. Осы елді мекендердегі 263 ауланың қазіргі уақытта 109-на көгілдір отын қосылды.

Әлеуметтік салада табысы күнкөріс деңгейінен төмен тұратын 594 отбасында 2940 адам болса, 2016 жылмен салыстырғанда отбасы саны 12%-ға азайып отыр.  Атаулы әлеуметтік көмек 2 отбасындағы 7 адамға төленді,  отбасы саны  85,7 %-ға азайған, балалар жәрдемақысымен 467 отбасының 1205 баласы қамтылып, отбасы саны 20,3 %-ға азайып отыр.

Тұрғын үй көмегі 39 отбасыға 1688,3 мың теңге көлемінде төленіп, көмек алушылар саны 18,8 пайызға азайды.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен төленетін әлеуметтік материалдық төлемдер алушы 840 отбасына 20,0 млн. теңге төленіп, төлем алушылар саны  9,6%-ға азайып, сомасы 2,2%-ға  көбейіп отыр. Аз қамтылған отбасыларға көрсетілген қайырымдылық және ізгілік көмектер 1724 отбасына 8,3 млн. теңгеге көрсетілді.

«Өрлеу» жобасы бойынша 58 отбасының 266 адамына 11,4 млн.теңге шартты ақшалай көмек көрсетіліп, 65 бас ірі қара, 105 бас ұсақ мал, 2 бас жылқы сатып алынды.

42 тыл еңбеккері және 3 Ұлы Отан соғысының мүгедегіне теңестірілген азаматтар «Ақжайық» шипажайына санаторлық-курорттық емделуге жолданды. 27 мүмкіндігі шектеулі жан Шучье қаласы «Алмаз» шипажайына емделуге барып келді.

Ауданда жұмыспен қамту саласында кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру бойынша 13 адамға 49,1 млн. теңге несие беріліп, 191 бас ірі қара, 25 бас ұсақ мал, 12 бас жылқы сатып алынды. Аудан мекемелеріне «Жастар тәжірибесімен» 80 жас маман жолданып, оның 21-і тұрақты жұмысқа орналасты. 159 адам тегін кәсіптік білім алып, 41 адам жұмысқа орналасты.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 42 адам жолданса, ақылы қоғамдық жұмысқа 1534 адам тартылды. Ашылған жаңа жұмыс орындарының саны – 481, с.і. тұрақты — 235, уақытша — 246.

Ауданның денсаулық сақтау саласы желісін 1 орталық аурухана,  6 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт,  17 медициналық пункт. Саладағы қызметкерлер саны 401 адам,  с.і. жоғары білімді дәрігерлер – 29, орта буын қызметкерлері – 190 және әртүрлі мамандар – 182 адам. 2017 жылы ауданға 2 дәрігер және   12 медбике келіп, жұмысқа орналасты.  Аудан бойынша туу көрсеткіші    340-ді құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 14 пайызға көбейіп отыр. Тұрғындардың қан жүйесі ауруымен, қант диабеті ауруымен, өңеш-асқазан ауруымен ауруларының алдын алу мақсатында скринингтен 5464-тен астам адам тексеруден өткізіліп, олардың 250-нен ауру анықталып, сауықтыру жұмыстары жүргізілді. Флюорографиялық тексерістен 10768 адам өткізілді. Жылжымалы медициналық кешен 80 елді мекенде болып, 19026 адамды тексерістен өткізді, олардың ішінде 6000-нан астам адамнан  әртүрлі дәрежедегі ауру анықталып сауықтырылды.

Денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында 15,7 млн.теңге бөлініп, медициналық қондырғымен, компьютерлермен жабдықталды.

Ауданның білім беру жүйесін 13 орта, 6 негізгі, 3 бастауыш — барлығы 22 мектеп және 2 мемлекеттік балабақша, 3 қосымша білім беру мекемелері, барлығы 27 бірлік құрайды. Сонымен қатар, кәсіптік білім беру бағытында Сырым колледжі жұмыс атқаруда, онда 157 студент білім алуда.

Саланы қаржыландыруға саласына 2017 жылға 2,1 млрд. теңге қаралды.

2017-2018 оқу жылында аудан бойынша 22 жалпы білім беретін мектепте  2963 оқушы білім алуда. Осы білім беру мекемелерінде барлығы 492 педагог (2016-2017 оқу жылы — 475) қызмет етеді. 2017-2018 оқу жылында ауданға 13 (2016-17 оқу жылы 23) жас маман келсе, соның 6-уы жоғары, 7-уі арнаулы орта білімді мамандар.

Аудан бойынша 3 мектеп жанында интернатта 37 бала тәрбиеленуде (2016 жылы — 43 бала).Сонымен қатар, 3 мектепте 82 оқушыға күнделікті тасымал ұйымдастырылуда (2016 жылы — 79 оқушы).

Қазіргі таңда оқушылардың 62 пайызы ыстық тамақпен қамтылып отыр. Бүгінгі күні ауданның барлық тәрбиеленушілер санынан алғанда 3-6 жасқа дейінгі балаларды ұйымдастырылған тәрбиемен және оқумен қамту 99,7%-ды құраса, 1-6 жасқа дейінгі балаларды қамту 63,7%-ды құрады.

Жазғы демалыстың қорытындысы бойынша өткен жылы аудан көлемінде  2719 оқушы  қамтылып, 99,2%-ды құрады (2016 жылы — 2688 оқушы, 97 пайыз). Аудан бойынша 3 қосымша білім беру мекемелерінде 1524 оқушы тәрбиеленуде. Өткен 2016-2017 оқу жылында ҰБТ-ның  қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш – 80,46 баллды құрады. Өз білімдерін қорғаған 16 түлек «Алтын белгі», 10 түлек «Үздік аттестат» иегерлері атанып, қорытынды аттестаттау барысында 100% дәлелдеп шықты.

2017 жылы ЖББ Сырым орта мектебі 156,2 млн.теңгеге күрделі жөндеуден өтті.

Жыл сайын мектептердің материалдық-техникалық базасы жақсарып келеді. Мектептерге 2016 жылы – 44, 2017 жылы 41 интерактивті тақта алынып, 19 мектепке интернет желісі орнатылды. Осыған қоса 2 мектепке (ЖББ Ж.Досмұхамедов, Алдымызға қойылған міндеттер Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Бес институционалдық реформасының және Ұлт жоспары-100 нақты қадам шеңберінде, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында орындалуда.

Жыл сайын мектептердің материалдық-техникалық базасы жақсарып келеді. Мектептерге 2016 жылы – 44, 2017 жылы 41 интерактивті тақта алынып, 19 мектепке интернет желісі орнатылды. Осыған қоса 2 мектепке (ЖББ Ж.Досмұхамедов, Қ.Мырзалиев атындағы ОМ) құны 16,6 млн.теңгеге «Газель» автокөлігі алынып берілді.

Ауданның мәдениет саласын 1 аудандық, 8 ауылдық мәдениет үйлері, 5 ауылдық клубтар, Жымпиты, Бұлан  халық театрлары, «Ақ ниет» әжелер ансамблі, балалар саз аспаптар оркестрі, «Жауқазын», «Аружан» үлгілі би ансамбльдері мен «Ибалы» би тобы құрайды.

2017 жылы 670 мәдени шараға 90800 адам қатысты. Өткен жылы өткізілген мәдени-көпшілік шаралар Алашорда үкіметінің құрылғанына              100 жыл, Ж.Досмұхамедовтың туғанына 130 жыл, С.Датұлының 275 жылдығы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «ЭКСПО-2017» аясында оздырылды.

Өткен жылы мәдениет саласына 35 млн.теңге қаржы бөлініп, соның ішінде 16 млн.теңгеге Алаш қайраткерлеріне арналған музей ғимараты ағымдағы жөндеуден өткізілсе, 19 млн. теңгеге мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық базасы жаңартылды.

Аудан көлемінде 412 спорттық шаралар оздырылып, 11262 тұрғындар қамтылды.

Жолдарды жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына келсек, ауданымызда 196 км республикалық, 132 км облыстық және 296 км аудандық маңыздағы жолдар бар.

Аудан орталығының әлеуетін арттыру мақсатында жылма жыл ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Жымпиты ауылішілік жолының соңғы 3 жылда 8,1 км. жөнделсе, биылғы жылы ұзындығы 2,1 шақырымды құрайтын, құны 153,9 млн. теңге болатын Қолғанатов, Асадуллин көшелерінің жол құрылысы аяқталды.

Қыс мезгілінде аудан жолдарын күтіп ұстауға 20,1 млн. теңге бөлінді.

Қазіргі таңда Жымпиты ауылындағы жалпы ұзындығы 2,95 шақырымды құрайтын Байжанов, Досмұхамедов, Жұмағалиев, Қазақстан, Мендалиев көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттама жасақталды. Сараптамадан өтті, жалпы құны 260,5 мл.теңгені құрайды. Сонымен қатар Жымпиты ауылындағы жалпы ұзындығы 1,2 км құрайтын Исаев көшесі жолының құрылыс жұмысына сметалық құжаттама жасақталып, сараптамадан өтуде. Құны 131,2 млн теңге. Өлеңті ауылының кірме жолына өткен жылы сметалық құжаттама жасақталып, 86,1 млн.теңге бөлініп, биылғы жылы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Елді мекендерді жарықтандыру электр желілерін жөндеу жұмыстарына тоқталсақ, Талдыбұлақ-Қазақстан бағыты бойынша 47 дана темір бетон бағана орнатылса, Жосалы-Кеңащы бағытындағы ағаш бағаналары 30 дана темір бетон бағаналармен алмастырылып, электр желілері құрылғыларына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аралтөбе ауылдық округі бойынша 1 дана, Жетікөл ауылдық округінде 2 дана, Жымпиты ауылдық округінде 2 дана, Бұлдырты ауылдық округінде 3 дана трансформатор ауыстырылды. Сонымен қатар Жосалы-Кеңащы бағытына 1 дана, Бұлдырты-Қарақұдық бағытына 2 дана, Жымпиты ауылдық округі бойынша 10 дана айырғыштар орнатылды. Жымпиты-Бұлдырты бағытындағы электр желісі 4,2 тонна болатын жаңа сымға алмастырылды.

Санитарлық тазалық, абаттандыру жұмыстарына тоқталсақ, аудан орталығын абаттандыру бағытындағы жұмыстар да қарқынды жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, өткен жылы аудан орталығындағы                   3 көшеге жаяу жүргіншілер жолын жасақтаған болсақ, биылғы жылы жалпы ұзындығы 2,0 км. болатын С.Датұлы көшесінен Исаев көшесіне дейін, Асадуллин көшесіне және Ж.Досмұхамедов орта мектебінен Өлеңті ауылының кірме жолына дейін жаяу жүргіншілер жолы жасақталды.

Аудан көлемінде 2 санитарлық-экологиялық айлығы өткізілді. Нәтижесінде  3300 түп аға көшеттері отырғызылып, 738 тонна күл-қоқыс шығарылды. Сенбіліктерге 4664 адам (40 техника) қатыстырылды.

Сонымен қатар Жымпиты ауылындағы полигонға қатты тұрмыстық қалдықтардын пайда болу нормасы және тариф бекіту мақсатында конкурс жарияланды. Конкурс қорытындысына сәйкес жеңімпаз «Қалдықтарды нормалау қазақстандық орталығы» ЖШС атанды. Қазіргі таңда тарифпен қалдықтардың пайда болу нормалары есептелді. Алдағы уақытта аудандық мәслихатқа бекіту үшін жолданатын болады.

Ауданның қоғамдық тәртіпті сақтау мәселесіне тоқталсақ,  өткен жылы 162 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, 2016 жылмен салыстырғанда 29 қылмыстық құқық бұзушылыққа немесе 15,1 %-ға азайып отыр.  2017 жылы тіркелген қылмыстардың 97-і ашылып, 59,8%-ды құрады. Тіркелген қылмыстардың ішінде 62-і мал ұрлығы, олардың 11-і ашылды.

«Мал ұрлығына қарсы іс-қимыл жөніндегі жол картасын» жүзеге асыру туралы іс-шаралар жоспары жасақталып, УПИ, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің бірлескен тобымен рейдтер жүргізілді. Өткен жылы елді мекендерде жүргізілген іс-шаралар барысында 77 шаруашылық субъектісінде болып ондағы мал басының есепке алынуы, еңбек заңдылықтарының сақталуы, қыстақтардың жем-шөп қорымен қамтылуы қаралды.

Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі және әкімшілік полиция бөлімшесімен 1278 әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша 444 әкімшілік хаттамалар толтырылып, 4,5 млн. теңге айыппұл салынды, өндірілуі 62,1 пайызды құрады.