18.01.2018, 12:00
Қараулар: 29
Ұстаздар арасындағы Қадыр оқулары

Ұстаздар арасындағы Қадыр оқулары

Қадыр Мырза Әлінің туған күніне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сырым аудандық білім беру бөлімі мен аудандық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен аудандық педагог қызметкерлер арасында Қадыр оқулары өтті.

Байқаудың ашылу салтанаты Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің акт залында өтіп, оған аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов қатысып, сөз сөйледі.

Ұстаздар «Сөздің бәрі құдіретті», «Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін», «Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, кейбір жырым бақташы боп жүр маңда» бағамдары бойынша ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, Қадырға өлең арнап,  ақынның сөзіне жазылған әндерді орындады.

«Сөздің бәрі құдіретті» бөлімінде мәнерлеп оқудан Бұлдырты орта мектебінен Мира Несіпқалиева бас жүлдені еншіледі. Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектептен Шаттық Әжіғалиева І орын,  М.Қаналиев атындағы орта мектептен Рима Хайдарова мен «Айналайын» балабақшасынан Райгүл Буланбаева ІІ орын, Көздіғара негізгі мектебінен Нұрбол Темірбеков, Жамбыл негізгі мектебінен Жадыра Ерсайын, Көгеріс негізгі мектебінен Күлайша Кужаковалар ІІІ орындарды иеленді.

«Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін» бағамында Тасқұдық негізгі мектебінен келген Сатым Қажыгереевке бас жүлде бұйырды.  Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектептен Алмажай Сүлейменова І орын, В.И.Шубин атындағы  орта мектептен Асылбек Сәрсекенов пен Бұлдырты орта мектебінен келген Зәуре Берниязова ІІ орыннан көрінді.  Ал Аралтөбе орта мектебінен қатысқан Арыс Мырзағалиев, Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептен Арайлым Молданиязова, Абай орта мектебінен Мариям Қожжанова ІІІ орынға тұрақтады.

«Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, кейбір жырым бақташы боп жүр маңда» бөлімінде Қадырдың сөзіне жазылған әндерді орындауда Тасқұдық негізгі мектебінен Нұргүл Талблимова бас жүлдені жеңіп алды. Қособа орта мектебінен  Дулат Сағынғали І,  Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептен Шолпан Жұмашева мен Көгеріс негізгі мектебінен Айгерім Жасыбекова ІІ, Жамбыл негізгі мектебінен Айша Какимова, Абай  орта мектебінен Мөлдір Харесова, «Айналайын» балабақшасынан Дидар Тілекқабылова ІІІ орындарды бөлісті.

Байқаудан соң жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қадыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алмажай Сүлейменова Қадырға арнаған өлеңін оқыды.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА