18.01.2018, 15:01
Қараулар: 4
Сот төрағасы баспасөз мәслихатын өткізді

Сот төрағасы баспасөз мәслихатын өткізді

Сырым аудандық сотының төрағасы Ботагөз Баймұханова 2017 жылдың 12 айлық жұмысының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

Б.Баймұханова Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі, сот өндірісі ашық әрі жариялы түрде жүргізілетінін айтты. Ондағы мақсат – сот жүйесіне оң пікір қалыптастыру. Сот қызметінің ашықтығы – құқықтық мемлекеттің негізі.  

Сот төрағасының мәлімдеуінше,  Сырым аудандық сотына 2017 жылдың 12 айында барлығы 302 талап арыз түскен. Ал 2016 жылғы  талап арыздардың саны 371 болса, алдыңғы жылғыға қарағанда, былтыр талап арыздар саны азайған.

2017 жылы 25 қылмыстық, 302 азаматтық және 354 әкімшілік іс қаралы. 25 тұлғаға қатысты қаралған 25 қылмыстық істің 15-інде 15 тұлғаға үкім шығарылды.

291 азаматтық іс қаралған болса, оның  120-сына шешім,  146-сына сот бұйрығы шығарылып, 31 іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды. Қаралған әкімшілік істердің саны – 354.

Сырым аудандық сотына түскен  талап арыз, арыздар және әкімшілік құқық бұзушылық істер «Сот кабинеті» сервисі арқылы тіркелген. Медиация тәртібімен  9 азаматтық, 9 қылмыстық, 18 әкімшілік іс қысқартылды. Қабылданған сот шешімдері жоғарғы сатыдағы сотпен өзгертілмеген және бұзылмаған. Барлық сот мәжілістері дыбыс, бейне құралдарының қолданылуы арқылы сот мәжіліс залдарында өткізілді.

Сот төрелігінің сапасын жетілдіруге және 2016 жылмен салыстырғандағы  статистикалық мәліметтердің көрсеткіштеріне баса наза аударылды. Істердің дұрыс және біркелкі қаралуын қамтамасыз ету мақсатында семинар сабақтары өткізіліп келеді. Аудандық соттың судьяларымен, сот мамандарымен бұқаралық ақпарат құралдарына 19 мақала жарияланып, 26 пресс-релиз Жоғарғы және облыстық сот сайтына жарияланды.

Баспасөз мәслихатының соңында  Сырым аудандық сотының төрағасы Ботагөз Баймұханова  сот төрелігінің сапасын арттыруға, еліміздегі сот жүйесінің тәуелсіздігі мен тиімділігіне кепіл берілуін нығайтуға және сот билігінің  имиджін көтеруге бағытталған міндеттерді орындау үшін қажетті шаралар күнделікті атқарылатынын айтты.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар