25.01.2018, 16:19
Қараулар: 307
Міндетті әлеуметтік аударым

Міндетті әлеуметтік аударым

ҚР «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне салық салу сұрақтары бойынша толықтырулармен өзгертулер енгізу туралы» 25.12.2017 жылғы №122-VI санды Заңына сәйкес  «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы»

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 405 Заңына өзгертулер енгізілді:

14-бап. Әлеуметтiк аударымдардың мөлшерi

  1. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн Қорға төленуге тиiстi әлеуметтiк аударымдар мынадай мөлшерде белгiленедi:

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап — әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5 пайыз;

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап — әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 3,5 пайыз.

  1. Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес арнаулы салық режимi қолданылатын өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар үшiн олардың өз пайдасына төлейтiн әлеуметтiк аударымдарының мөлшерi:

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап — әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5 пайыз, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының 5 пайызынан кем емес болады;

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап — әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 3,5 пайыз, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының 3,5 пайызынан кем емес болады.

15-бап. Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару

  1. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн төленетiн әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару ай сайын жүргiзiледi.

Бұл ретте айлық табыс әлеуметтiк аударымдарды eceптеу үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады.

(01.01.2018 – 28284 * 10*3,5%=9900 тенгеден аспауы тиіс)

Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерiнен кем болса, онда әлеуметтік аударымдар ең төменгі жалақы мөлшері негізге алына отырып есептеледі, аударылады.

(01.01.2018 – 28284 * 3,5%=990 тенгеден кем болмауы тиіс)

Ж.Бекбульсинова,

«Азаматтарға арналған үкімет» МК»КЕ АҚ филиалы-

«ӘТВЕО» БҚО бойынша Департаментінің

Сырым  аудандық бөлімше басшысы