25.01.2018, 16:21
Қараулар: 291
Электрондық арыздың жіберу ерекшеліктері

Электрондық арыздың жіберу ерекшеліктері

Жоғарғы Сот Төрағасының тапсырмасын орындау мақсатында 2017 жылғы 17 шілдеден бастап республика соттарында сот бұйрығын шығару туралы арыздардың қаралуы электронды форматта қарастырылуда.

Аталмыш жаңалық арызды беру және тіркеу сатысынан заңды күшіне енген сот актісін орындауға жібергенге дейін электрондық сот ісін жүргізуді енгізуін көздейді.

Сот бұйрығын шығару туралы арыз сотқа қағаз тасығышта түскен кезде арызбен оған қоса берілген құжаттар сканерден өткізіліп, СО “Төрелік” ААТЖ-на салынады, сонан соң кеңсе қызметкерлерімен тіркеледі және автоматты түрде бөлінгеннен кейін судьяға қарау үшін электрондық форматта жолданады.

Судьямен сот бұйрығын шығару туралы арыздың қаралуы, оның ішінде сот актісінің жасалуы, орындалуға жолдануы тек қана электрондық форматта жүргізіледі.

Осымен бірге, сот бұйрығын шығарған кезде СО “Төрелік” ААТЖ-да сот бұйрықтары мен арызды қабылдаудан бас тарту, қайтару және сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымдардың үлгілері әзірленген. Аталмыш үлгілер кеңсе қызметкерлерімен электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын толтырылған деректемелерінің негізінде қалыптастырылады, олардың дұрыстығы мен толықтығы (соттың атауы, судьяның, сот мәжілісі хатшысының, тұлғалардың Т.А.Ж., талап-арыздың мәні, соммасы және т.б.) өз кезегінде судьямен тексерілуі тиіс.

Осыған орай, Сырым аудандық сотымен 100% электрондық форматта бұйрық арқылы іс жүргізуді қамтамасыз етіледі.

Т.Ниязов,

Сырым аудандық

сотының судьясы