25.01.2018, 16:24
Қараулар: 208
Бұландағы есептік жиын

Бұландағы есептік жиын

Бұлан ауылдық округі түрғындары алдындағы есеп беру кездесуіне аудан әкімі Т.Төреғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Молдағалиев,аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Ш.Райсов, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.Гумаров, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы С.Иманғалиев, аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімі басшысы Е.Журалиев, аудандық сот төрайымы Б.Баймұханова,электр жүйесі торабының басшысы Ж.Молдашев қатысты. Алдымен Бұлан ауылдық округінің әкімі Т.Құбаев 2017 жылғы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Ауыл әкімінің баяндамасынан соң, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.Гумаров тұрғындарға салықты уақытылы төлеу жайында түсіндіріп өтсе, аудандық сот төрайымы Б.Баймұханова үстіміздегі жылдағы Кодекске енгізілген өзгерістер туралы айтты. Сонымен қатар аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Ш.Райсов тұрғындарға төрт түлік малды уақытылы сырғалату, екпе салдыру және төрт түлік арасындағы жұқпалы аурулардың алдын алу жайын түсіндіріп өтті. Ауыл ақсақалдары мен тұрғындары әкім есебіне оң бағаларын беріп, ауылдағы бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтсақ, ауылдағы мал жайылымдық жерлерінің тарлығы, ауыз су мәселесі және ауылдағы ұялы байланыс пен интернет желісінің баяулығы жайы қозғалды. Жиналысты аудан әкімі Т.Төреғалиев қорытындылап, көтерілген түйткілді мәселелерді шешу жолдары қарастырылатынын айтты.

 

Мархат Тұрланқызы