25.01.2018, 16:30
Қараулар: 222
Басым бағыт – игі бастама

Басым бағыт – игі бастама

Елбасымыздың Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын насихаттау және талқылау мақсатында жалпы білім беретін Қособа орта мектеп-балабақша кешенінде ұжым мүшелерінің жиналысы өтті.

Жолдауды таныстыру бағытында мектеп басшысы Б.Жайманов  Жолдауда көрсетілген негізгі басым бағыттарға тоқталса, тәрбие ісінің меңгерушісі С.Бупениязов Жолдаудағы түрлі бағыттар туралы айтты.

Жолдаудың жетінші бағытында білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқытудың сапасын арттыру қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар, цифрлық білім беру, кең жолақты интернет, мектептердің видео құрылымдармен қамтылуы сөз болды. Бұл ұстаздар мен оқушыларға үлкен мүмкіндік болмақ.

Г.ДосҚалиева,

ЖББ Қособа орта мектеп-балабақшасының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар