25.01.2018, 16:36
Қараулар: 227
Жолдаудағы міндеттер жүзеге асырылуы тиіс

Жолдаудағы міндеттер жүзеге асырылуы тиіс

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау бағытында кеңейтілген аудан активі өтті. 

Аудан активінің жиналысына аудан әкімі Т.Төреғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева, аудандық мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері, ауылдық округ ардагерлері, Қоғамдық келісім Кеңесінің төрағалары, үкіметтік емес үйымдардың жетекшілері, мекеме басшылары қатысты. Алдымен аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлы сөз сөйлеп: — Жолдауда Елбасымыз жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екеніне сенімді екенін жеткізді. Бұл үшін Елбасы атап көрсеткен 10 міндетті шешуге жұмылуымыз керектігін атап көрсетті. 2018 жылы «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған индустриялардың үшінші бесжылдығын әзірлеуге кірісу керек,- дей келе Жолдаудың басты бағыттары туралы кеңінен түсінік берді. Жиын барысында «Әнуар» шаруа қожалығының басшысы Б.Бейсенов, Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің директоры М.Ақбасов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Сырым аудандық филиалы директоры А.Балғалиев, аудандық орталық ауруханасының дәрігер – педиатры М.Саргузиева Елбасы Жолдауындағы айтылған басты бағыттар туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Актив жиналысын аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлы қорытындылап, соңынан жиналыстың арнайы қарары қабылданды.

 

 

Мархат Гумарова

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар