1.02.2018, 10:13
Қараулар: 25
Текті малдан пайда көп

Текті малдан пайда көп

Сырым ауданында 114 орында 44171 бас ірі қара, 15926 бас жылқы, 78433 бас қой-ешкі, 53 бас түйе қыстатылуда. Жалпы қыстақ науқанына аудан бойынша 153332 тонна шөп қоры дайындалған.
Ауданда 385 шаруа қожалығы, 21 өндірістік кооперативтері жаңаша талғамға сай еңбек етуде.
Осы құрылымдардағы есептегі малдардың алды төлдеп қаңтар айының ортасында 16086 бас бұзау, 47821 бас қозы, лақ және 5177 бас құлын алынып отыр.
Қоғамдық мал бастарының төлдер беруі одан әрі жалғасуда.
«ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыруға ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары белсене қатысуда. Мысалы, өткен жылдың еншісінде 183 шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтерге мал шаруашылығын асылдандыру бағытында мемлекет тарапынан 277,3 млн. теңге көлемінде субсидия төленді.
— Ауданда 12 шаруашылық асыл тұқымды малдарды өсірумен тұрақты айналысуда. Бүгінде осы шаруа иелерінде 3111 бас асыл тұқымды малдар төлдерімен тіркелуде болса, алды 300 бастан жоғары асыл тұқымды малдар бағып отырған «Талап», «Жібек жолы», «Әмір» шаруа қожалықтары көштің алғы шебінен көрінуде, — дейді Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Руслан Усағалиев.
Ауданда өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 6 шаруашылық 46,9 млн. теңге несие алуға қол жеткізіп, 217 бас аналық ірі қара, 27 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды. Сондай-ақ «Құлан» бағдарламасы бойынша қатысқан 4 шаруашылық 85,5 млн. теңге несие алып, алынған қаржыға 261 бие және 9 асыл тұқымды айғыр сатып алса, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2 шаруашылық 23,6 млн. тенге несие алып, 681 саулық қой, 16 асыл тұқымды қошқар сатып алуға қол жеткізді.
М.ӘЛІБЕКҰЛЫ,
Сырым ауданы.

Ауылшаруашылық

Басқа да мақалалар