1.02.2018, 12:14
Қараулар: 129
Жолдауға қолдау білдіреміз

Жолдауға қолдау білдіреміз

Елбасымыз  кезекті  Қазақстан  халқына  арналған Жолдауын жолдады.  «Төртінші  өнеркәсіптік  революция   жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері» атты Жолдауында  Тәуелсіз  Қазақстанның  даму  барысында  жүзеге  асырылатын  басты  бағыттары  белгіленді.

ЖББ А.Жұмағалиев атындағы  орта  мектеп–балабақша  қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың   «Төртінші  өнеркәсіптік  революция   жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері» атты Жолдауы  таныстырылды.  Елбасы  Жолдауын  жыл  сайын   халық  асыға  күтетін ел  дамуына  қатысты  аса  үлкен  құжат деп  санаймыз.  Соның  ішінде жетінші  міндет  «Адами капитал – жаңғыру  негізі».  Білім берудің  жаңа  сапасы.  Барлық  жастағы  азаматтарды  қамтитын  білім  беру  ісінде  өзіміздің  озық  жүйемізді құруы  және  қазақ  тілін  халықаралық  деңгейге жақындату  керек дегені  ерекше  қуантты.  Рухани жаңғыруға, халықтың денсаулағын нығайтуға баса назар аударылған Жолдау  еліміздің  одан әрі  дамуына  серпін беретін, Қазақстанның  биік  белестерге  қол жеткізетіндігіне  сенеміз.

 

 

Бибінұр НҰҒманова,

кітапханашы,

Қоңыр ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар