15.02.2018, 11:42
Қараулар: 39
Жауынгерлер даңқына құрмет!

Жауынгерлер даңқына құрмет!

1989 жылы ақпан айының осындай күндерінің бірінде қасірет пен қайғының қазығына айналған Ауған соғысы аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталады. Осы мақсатта аудандық Балалар саз мектебінің акт залында «Біз антымызды орындадық» атты аудандағы ауған соғысы және « Ерекше Тәуекелді  Солдаттар» қоғамдық бірлестігінің құрамындағы Семей полигонының ардагерлерімен кездесу кеші өтті.

Шараға Батыс Қазақстан облысы «Ерекше Тәуекелді Солдаттар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Есім Бектілеуов, «Сырым сарбаздары» ұйымының мүшелері қатарындағы Семей полигонының ардагерлері Ғабаш Абдрахманов, Мереке Тұяқов қатынасты. Кездесуде бірлестік төрағасы Есім Бектілеуов  алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері Алмаз Абдрахмановты, Еркін Мұқановты, Телман Исатаевты, С. Датұлы атындағы аудандық тарихи – өлкетану музейінің директоры Айнагүл Ойшыбаеваны, «Сырым сарбаздары» ұйымының төрағасы Серік Сарғозиевті алғыс хаттармен марапаттады.

Жастарды отансүйгіштік пен патриоттық сезімге тәрбиелейтін осындай шараның бірі Қ.Мырзалиев атындағы орта мектепте өтті. Оқушылармен болған кездесуге аудандағы ауған соғысының ардагерлері мен Семей полигонында болған жауынгерлер, мектеп директоры Марат Ақбасов, Сырым аудандық қорғаныс істер бөлімінің қызметкері Ержан Жасыбаев қатысты. Кеш қонағы «Ерекше Тәуекелді Солдаттар» бірлестігінің мүшесі Мереке Тұяқов Түркештің күйі « Көңілашарды» ойнап, кештің мәнін аша түсті.

Осы күні С.Датұлы атындағы тарихи – өлкетану музейінде аудандағы Семей полигонының зардабын жоюға атсалысқан жауынгерлер үшін бұрыш ашылды. Кешегі Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебіндегі шарада «Ерекше Тәуекелді Солдаттар» тақтасы таныстырылды.

Патриоттық шараларда аудандық Балалар саз  мектебінің оқушылары өнер көрсетті.

 

Мақсат Жұмағали,

Балалар саз мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Алмаз Абдрахманов,

Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі,

аға лейтенант