15.02.2018, 11:51
Қараулар: 59
Сот жұмысының қолжетімділігі жақсара түсті

Сот жұмысының қолжетімділігі жақсара түсті

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан халықына 10 қаңтар 2018 жылғы Жолдауында алдымызға жүзеге асыратын 10 негізгі міндет қойды, соның ішінде 9-шы міндет бойынша заң үстемдігі мен жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттары болып қала беретінін көрсеткен. Сонымен бірге Жолдауда сот және құқық қорғау жүйелерін институциналды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылуда. Заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейтуді, оның әсіре қатаңдығын бәсеңдетуді көздейтін нормалар енгізілген. Азаматтардың конституциялық құқытарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажеттігі атап көрсетілген. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» — Ұлт жоспарының 20-шы қадамында барлық сот процесстерін бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу тапсырылған болатын. Істердің дыбыс-бейне жазба құрылғысымен қаралуы Қазақстан Республикасы судьяларының VІ съезінде Елбасы міндеттеген  тапсырмалардың бірі болғандықтан азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істердің дыбыс-бейне жазба құрылғысымен 100 пайыз қаралуына баса назар аударылып отыр.

Осы тапсырманы орындау мақсатында  аудандық соттың  сот отырысы залдары осы құрылғылармен қамтамасыз етіліп, жабдықталды. Қазіргі таңда аудандық сотта 2  сот отырыс залдары бар, олардың барлығы 100 пайыз дыбыс-бейне жазу жүйелерімен қамтамасыз етілген. Бұл өз кезегінде сот саласындағы сыбайлас жемқорлықты болдырмауға мүмкіндік ашып,  сот процестерінің ашықтығы мен жариялылығын  қамтамасыз етеді.Аудандық сотта Республикалық соттармен  бейне байланыс құралдары орнатылып жүргізілуде, нәтижесінде мемлекеттің қомақты қаржысын үнемдеуге мүмкіндік жасалды. Аудандық соттармен де аталмыш жобаны түсіндіру жұмыстары қолға алынған. Аталған бағытта семинарлар мен жергілікті БАҚ-тарда мақалалар жарияланады, дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін қалыптастыруда қазіргі заманғы ақпараттық технологияны сот жүйесіне енгізудің маңызы зор. Сот саласында электронды сот жүйесін құру бағытында айтарлықтай шаруалар атқарылды және қазір де атқарылып жатыр. Елбасының сот органдары жұмысына жаңа технологияларды қолдану халықтың сот жүйесіне деген қолжетімділігі мен барынша ашықтыққа қол жеткізуді арттыру туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатымен Жоғарғы Сот тұрғындар үшін сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін 2014 жылдан бастап замануи технологияларды сәтті енгізіп, жүзеге асырып келеді. Осындай жаңашылдықтың бірі ретінде  «Сот кабинеті» сервисін атап өтуге болады. Бұл сот органдары қызметіне бір терезе жүйесімен қол жеткізудің онлайн түрі болып табылады.

Сервистің ерекшілігі сол — тұрғындар өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта үйінен немесе жұмыс орнынан шықпай-ақ, интернет желісі арқылы сотқа талап арыздар, өтініштер мен апелляциялық шағымдарды  жолдай алады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми сайтында «Сот кабинеті» модулі арқылы жеке және заңды тұлғаларға және олардың заңды өкілдеріне соттарға электрондық формаларды толтыру арқылы электронды құжаттар мен іс материалдарын жолдау мүмкіндігі қарастырылған. Сот органдарымен электронды хат алмасу жеке және заңды тұлғалармен қатар, мемлекеттік немесе мемлекеттік емес мекемелерге де қолжетімді. Бұл үшін электронды сандық қолтаңба болса жеткілікті. Аталмыш сервис хат алмасуға өте тиімді тәсіл болып табылады. Сонымен бірге, барлық уәкілетті мемлекеттік органдарға әкімшілік құқық бұзушылық істер материалдарын электронды форматта сотқа жолдау мүмкіндігі де қарастырылған. Бұдан басқа «Сот кабинеті» сервисінде сотқа талап арыздар беруге, мемлекеттік бажды онлайн режимінде төлеуге, сот құжаттарын, істің мәртебесін қарауға және  басқа көптеген іс-әрекеттерге мүмкіншіліктер берілген.

Азаматтық істер бойынша барлық қаралғаны — 291 іс, олардың ішінде 120 шешім, 146 сот бұйрығы шығарылумен және 31 -іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды, 354 әкімшілік істерден қаралған. Азаматтық істер бойынша талап арыздар, арыздар және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер  «Сот кабинеті» сервисі арқылы түсіп тіркелген, яғни 100 пайызы «Сот кабинеті» арқылы түскен. Осы көрсеткіштің өзінен аталмыш сервистің қазіргі күні жұртшылық арасында қаншалықты кең қолданылып отырылғанын бағалауға болады.

Жаңа жылдан бастап  республикада  қылмыстық істі электронды түрде қарау қолға алына бастады. Ол қорғаушы мен прокурорға істі онлайн түрде зерделеуге мүмкіндік береді. Бұл күдікті мен жәбірленушінің де уақытын үнемдеп, қылмыстық істің сапалы қаралуына ықпал етеді. Қағазбастылық пен қаржылық шығындардың азаюы да — пилоттық бастаманың басты ерекшелігі. Сот өндірісіне енген жаңашылдықтар халықтың сотқа  деген сенімін арттырады.

Құқық қорғау қызметінде процессуалдык негіздерді модернизациялауға байланысты Негізгі өзгерістер азаматтарды ұстау негіздеріне,бұлтартпау шараларын қолдануға және тергеу әрекеттеріне қатысты тергеу судьясымен берілетін санкцияларға, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне қатысты болды.Олар азаматтардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында құқығын күшейтуге бағытталған.Заңмен азаматтарды соттың санкциясынсыз ұстау мерзімі 72 сағаттан 48 сағатқа, ал кәмелетке толмағандарды ұстау 24 сағатқа дейін қысқартылды.

Қоғам мен азаматтарға қауіпті әрекет жасалғанда ғана тұлға 72 сағатқа ұсталуы мүмкін.Оларға қылмыстық топтың құрамында, жаппай тәртіпсіздік барысында, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына қатысты болғанда, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы және террористік (экстремистік), қасақана адамның өліміне әкеліп соққан қылмыстар жатады.Жаңа талаптарға сай азаматтар экономикалық қылмыстар бойынша күдіктелгенде күзетпен ұстау шарасы рейдерлік,жалған ақша жасау, контрабанды,қаржы пирамидасын құру мен ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстарды қоспағанда жол берілмейді.Тек сот қана кепіл,мәжбүрлі куәландыру мен үлгілерді алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдана алады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы 24 сағат ішінде меншік иесін меншікті пайдалудың құқығы шектелгендігі туралы xабардар етуге міндетті.10 күннен соң шектеулер алынады немесе сотқа мүлікке тыйым салу туралы санкция алу үшін өтінішxат жолданады.

Бұйрық өндірісі институты мен электронды қылмыстық іс жұмыс жасайтын болады.Бұйрық өндірісі қылмыстық теріс қылық пен ауырлығы онша ауыр емес қылмыстарда қысқартылған мерзімде іске асырылады.

Одан бөлек тергеушіге қылмыстық істерді электрондық форматта тергеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Бұл қылмыстық процесті айқын етеді, дәлелдемелерді жоғалту мен бұрмалауды болдырмайды, сонымен қатар процесс қатысушыларының құқығын күшейтеді.Тергеуші орган жасырын тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқан тұлғаға тергеу әрекеттері туралы xабардар етеді.Егер осындай әрекеттер заңсыз немесе аталған тұлғаға залал келтірсе, ол сотқа талаппен жүгінуге құқылы.

Заңмен қолданыстағы заңнаманың бұзылғандығы, залал, едәуір зиян немесе заңсыз табыс туралы, тексеру актілері мен ревизия, аудит және басқа да құжаттармен көрсетілмеген өтініштер мен xабарламалар бойынша тергеу өндірісі бастау тыйым салынады.

Одан басқа 2018 жылдың 1 наурызынан бастап жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау сотпен жүргізілетін болады. Жалпы алғанда аталмыш Заң азаматтардың конституциялық құқықтарын нығайтып,сот бақылауын күшейтеді және тараптардың қылмыстық процесте жарыспалылығын арттырады.

 

Б.Баймуханова,

Сырым аудандық  сотының   төрағасы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар