15.02.2018, 11:53
Қараулар: 63
 » 
ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Діндер дәстүрлі және дәстүрлі емес деп бөлінеді. Дәстүрлі діндер деп – бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі, діни әдеп-ғұрыптары, отбасылық қарым-қатынасы және белгілі бір ұлттың дәстүрлі өмір сүру формасы мен мәдени құндылықтарын жоққа шығармай, өз ілімдері тұрғысынан қабылдап, оған қарсы келмей ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыратын ерекше құбылысты айтады. Ал дәстүрлі емес діни қозғалыстар қоғамда тарихи-мәдени тұрғыда қалыптасқан құндылықтарды, салт-дәстүрлерді танымайтын, оны жоққа шығаратын негізгі діндерден бөлініп шыққан діни ағым.

Әлемде қандай экономикасы өркендеген мемлекет болса да, ең бірінші ұлтының мәдени және рухани құндылықтарын сақтап, құрметтемесе онда оның болашағы бұлыңғыр болмақ. Қазіргі таңда кейбір дамыған елдерде өздерінің ұлттық құндылықтарына көп көңіл бөлінбегендіктен, сол қоғам мүшелерінің мәңгілік сұрақтарының шешілмеуі, өмірдің мән-мағынасы, өлім мен ақирет ілімдері жайлы түсініктердің жетпеуі, жастарына дұрыс бағыт-бағдар бермеуі және соңғы жүз жылдықтарда орын алған дүниеге деген материалдық көзқарастардың қалыптасу проблемалары адамдардың рухани азғындығына әкеп соғады.

Қазіргі заман ақпаратты-технологияның ягни, ғылым мен білімнің дамыған уақыты. Сол ғылым бір жағы адамзаттың руханиятының дамуына пайдасын тигізсе, екінші жағы жалпы оның жеке тұлға болып қалыптасуына зиянын тигізеді. Мәселен қарқынды дамудағы  мемлекеттер арасындағы саяси мәдени байланыстар, ақпараттар алмасумен оның жылдам жетуі, БАҚ, интернет жүйесі. Адамның осы ақпараттарды, түсініктерді жүйелі қабылдап, қорыта алмауы және уақытының жетпеуі оның психологиясына кері әсерін тигізіп, рухани құлдырауға апарады.

Өмірдің бар саласы коммерцияға айналуы, барлық нәрсе сатылады және сатып алуға болады деген түсініктің белең алуы, қоғамдағы парақорлық, әлеуметтік , саяси, демографиялық және тағы да басқа проблемалардың дер кезінде шешілмеуі, білім беру саласында дін туралы ғылыми білім беру жүйесінің дұрыс жолға қойылмауы және рухани жұтандық, адам өз өміріне рухани тірек таппауы секілді мәселелердің барлығы осы дәстүрлі емес діни қозғалыстардың пайда болуына әсер етеді.

Дәстүрлі емес жаңа діни көзғалыстардың әлемдегі дамыған елдердегі кеңінен жайылуына, ондағы экономиканың бір жақты дамуы, мәдени және рухани құндылықтарға мән берілмеуі яғни, жұмыссыздықтың өсуі, инфлияция, тәртіпсіздіктердің шамадан тыс етек алуы, маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік, экологиялық проблемалар және т.б. – осындай мәселелердің шешімін таппаған соң адам санасы білгілі бір рухани тірек іздеуі заңдылық.

Қорыта айтқанда Дәстүрлі діндер өздерінің қасиетті жазба кітаптарында ешқандай экстремистік идеяларды қамтымайды. Керісінше адамдарды татулыққа, адамсүйгіштік пен кешірімді болуға шақырады. Ал дәстүрлі емес діни ағымдарда фанаттық экстремистік идеялар басым болып келеді. Сондықтан біз рухани аш жастарға дәстүрлі діндерді дұрыс насихаттасақ сонда экстремизм мен терроризмнің алдын аламыз деп сенімді түрде айта аламыз. Қазақстанда дәстүрлі дінге Ислам дініндегі ханафи мазhабы және христиан дініндегі православие бағыты жатады

Ә.Мухитов,

Аралтөбе ауылдық округінің әкімі