15.02.2018, 11:54
Қараулар: 27
Ауылдың дамуы – елдің дамуы

Ауылдың дамуы – елдің дамуы

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында бүгінгі күнгі өте маңызды он саланы қамтып өтті. Ол Қазақстанның индустриясын ең жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналдыру, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, құрылыстың, коммуналдық сектордың және агроөнеркәсіп кешенінің даму қарқынын ұлғайту, жаңа технологиялық деңгейге көтеру, көлік пен логистикалық инфрақұрылымын одан әрі дамыту, кәсіпкерлер мен тұрғындардың шығындарын қысқарту арқылы сапалы әрі тиімді қызмет көрсету сияқты міндеттерді қамтиды.

Еліміздің жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу үшін цифрлы технологияны жетік меңгеру – басты міндет. Мәселен, электронды қызмет көрсетуді жетілдірудегі негізгі мақсат – халыққа сапалы қызмет көрсету. Біз әлі де болса, тұрғындарға цифрлы қызмет көрсетудің тетіктерін жетік түсіндіруіміз қажет. Көпшілікке жаңа жүйелердің жетістіктерін күн сайын жедел насихаттап отыру өте маңызды. Сондықтан компьютер, смартфонның мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудың жолын ұсынған жөн. Осы бағытта Алғабас ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратына тұрғындардың электронды қызмет алу бұрышы іске қосылды. Электронды қызмет алу арқылы ауыл тұрғындарының аудан орталығына немесе қалаға бармай-ақ электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы бірқатар анықтамаларды алуына мүмкіндік туды. Тұрғындар үшін осындай тиімділікті ұсыну туралы округтегі есептік кездесуде Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев арнайы тапсырма берген болатын.

Сонымен қатар Елбасы жолдаудың төртінші міндетінде ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салуға арналған қаржы көлемін ұлғайту тапсырылды. Қазіргі таңда бұл бағытта да Алғабас ауылының кіреберістегі 2 шақырым жолы мен С.Датов көшесіне жобалық сметалық құжат жасақталып, сараптамаға ұсынылды. Таяу арада кейінгі жылдары үнемі көтеріліп жүрген мәселенің шешілу ықтималдылығы бар.

Жолдаудың бесінші бағытында тұрғындарды баспанамен қамту көрсеткішін арттыруды тапсырды. Ауылдың Ж. Досмұхамедов көшесінен 10 тұрғын үй салу үшін 3,4 млн. теңге қаржы бөлініп жобалық сметалық құжаттары жасақталуда. Құрылыстың мерзімін қаржыландыру шешеді. Айта кетейік, Алғабас ауылдық округі бойынша тұрғын үйге зәрулік бар. Бүгінгі күні тұрғын үйге мұқтаждар тізімінде он бес тұрғын тіркеліп тұр.

Елбасымыздың Жолдауында көрсетілген міндеттемелердің түпкі нәтижесі еліміздің даму қарқынын күшейтуге арналған. Елдің дамуы үшін ауылдардың әлеуметтік – экономикалық дамуы маңызды екенін жақсы түсінеміз. Алдағы уақыттағы қызметіміз осы бағытта болады.

Мейірбек Хасанов,

Алғабас ауылдық округінің әкімі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар