15.02.2018, 11:56
Қараулар: 16
Ел бірлігі – табыстардың кілті

Ел бірлігі – табыстардың кілті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтын  жыл сайынғы  Жолдаулары  егеменді еліміздің, саяси дәстүріне  айналды.  Әр  жылғы  Жолдаудың   өз жаңалықтары  мен тарихи  шешімдері бар. Сондықтан  Елбасының Жолдауы – болашаққа  сенімді қадам деп  айтуға  толық негіз бар. Оған дәлел  биылғы “Төртінші  өнеркәсіптік революция   жағдайындағы дамудың жаңа  мүмкіндіктері” Жолдауы Қазақстан  халқына  айқын мақсаттар мен нақты   тапсырмалар жүктейді. Мұндай мақсат-міндеттердің  астарында  әлемдегі  дамыған  отыз елдің  қатарына  қосылу  көзделетіндігі   аян.

Қазақстан елінің  Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңі – еліміздің  мыңжылдықтар тарихының    мәнінде  қайта өрлеу дәуірі болды.Көшпелілер өркениетті   мен  отаршылдық мәдиниетінің тоғысындағы Ұлы Дала  тарихын Тәуелсіз санамен, Ұлттық ұстанымды саралау тек Тәуелсіздік  кезеніңде  ғана іске асты.

Жаңа Қазақстандық патратизм  дегеніміздің өзі-Мәңгілік ел. Ол барша-Қазақстан  қоғамның осындай  ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзымда, бүгінгі бақытымызға  мақтанышта, гүлденген келешекке сенімді  Тәуелсіз Қазақстан “Мәңгілік ел“ деген  құдыретті  ұғымға сыйып тұр. Бұл біздің  жалпы ұлттық  идеямыз  мемлекеттігіміздің  тамыры сияқты  көне тарихтан бастау  алатынын  көрсетеді. Жалпы ұлттық идеяның өміршең  ететін – елдің бірлігі. Қазақстанның шыққан шыңы мен  бағындарған биіктерінің  ең басты себебі – әлем  елдерінің сенімімен құрметіне   және  халықтардың береке бірлігінде. Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге  үлгі  өнеге болып келеді.

2017 жылы біздің ел БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің  тұрақты емес мүшесі болды. Ал 2018 жылы оған төрағалық етті. Дүниежүзілік  ЭКСПО-2017 жылы  мамандандырылған   көрмесін өткізіп әлемге  Тәуелсіз Қазақстанды паш етіп, таза Энергия саласындағы  дамудың қаншалықты қарқынды екенін  көрсетті. Мұның бәрі бірліктің арқасы.

 

А.Батыршин,

Сырым колледжінің оқытушысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар