15.02.2018, 15:54
Қараулар: 51
КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНА ЖАҢА БАҒЫТ КЕРЕК

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНА ЖАҢА БАҒЫТ КЕРЕК

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов Сырым ауданындағы мемлекеттік бөлімдердің жұмыс көрмесімен танысты. Көрмені бөлім басшылары таныстырды.

 

Облыс әкімінің орынбасары Сырым ауданындағы кәсіпкерлік саласының дамуына ерекше назар аударды. Өткен жылы аудандағы кәсiпкерлiк субъектiлерi алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,8%-ға көбейген. Осылардың ішінде жыл өткен сайын ауданның логистикалық ерекшелігін тиімді пайдалануға ниетті кәсіпкерлер қатары көбейіп келеді. Ғабидолла Оспанқұлов осы жұмыстарға жаңа бағытпен келуді тапсырды.

Осы сияқты өңір басшысының орынбасары қоғамдық мәдени жұмыстар бойынша ұсыныстар айтты.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар