22.02.2018, 16:12
Қараулар: 19
Фитосанитариялық есептілікті уақытылы тапсыру туралы

Фитосанитариялық есептілікті уақытылы тапсыру туралы

ҚР «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі №331 Заңының 13, 14 бабының 5 тармағы және ҚР Ауыл шаруашылығы министірінің 2016 жылғы 19 мамырдағы №225 бұйрығына сәйкес  қызметі фитосанитариялық бақылау объектілеріне байланысты (ауыл шаруашылығы мақсатындағы және өзге де жерлер, өсімдік шаруашылығы өнімін өңдіруге, сақтауға және қайта өңдеуге арналған астық сақтау орындары, қоймалар, ашық алаңдар, өндірістік және өзгеде үй-жайлар, зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдер, фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу үшін пайдаланылатын арнаулы техника мен пестицидтер) жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және тиісті уәкілетті органға фитосанитариялық есептілікті табыс ету міндеттеледі. Осыған орай қызметі фитосанитариялық бақылау объектілерне байланысты жеке және заңды тұлғалар Сырым аудандық аумақтық инспекциясына белгіленген үлгідегі тізім бойынша Ауыл шаруашылық тауар өндірушілер (АШТӨ) фитосанитариялық есепке алу нысандарын мынаңдай мерзімдерде ұсынылады:

1)       Пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру және (немесе) өткізу туралы есепті Аудандық аумақтық инспекцияға жылына екі рет, бір рет 20 шілдеге дейін және бір рет 20 қаңтарға дейін;

2)       Пестицидтердің (улы химикаттардың), биопрепараттардың және энтомофагтардың қозғалысы туралы есепті Аудандық аумақтық инспекцияға жылына екі рет, бір рет 20 шілдеге дейін және бір рет 20 қаңтарға дейін;

3)       Пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтау туралы есепті Аудандық аумақтық инспекцияға жыл сайын, 20 қаңтарға дейін;

4)       Бүріккіш және дәрілегіш техниканың бар-жоғы туралы есепті  Аудандық аумақтық инспекцияға жыл сайын, 20 қаңтарға дейін;

5)       Химиялық өңдеулер жүргізу туралы есепті Аудандық аумақтық инспекцияға ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 20-сына дейін;

6)       Химиялық өңдеу жөніндегі қызметтер көрсету туралы есепті Аудандық аумақтық инспекцияға ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 20-сына дейін;

7)       Тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардан босаған ыдыстарды залалсыздандыру жөніндегі есепті Аудандық аумақтық инспекцияға жыл сайын, 20 қаңтарға дейін;

8)       Қоймалық үй-жайлардың бар-жоғы туралы есепті Аудандық аумақтық инспекцияға жыл сайын, 20 қаңтарға дейін;

Осы аталған қызмет реті бойынша фитосанитариялық бақылау объектілеріне байланысты жеке және заңды тұлғалар заңнамаға сәйкес өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың ұйғарымдарын орындауға міндетті. Сондықтан фитосанитариялық есептiлiктi ұсынбау, сол сияқты уақтылы ұсынбау – жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8-711-34-31-1-36, 8705 554 81 16. Сонымен қатар сұрақтар туындаған кезде көрсетілетін қызметті алушылар өсімдіктер қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторына  жолығуға құқылы. ҚР АШМ АӨК МИК Сырым аудандық аумақтық инспекциясы Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі 15 мекен жайында орналасқан.

А.Утепов,

Сырым аудандық аумақтық инспекциясының басшысы