15.03.2018, 16:35
Қараулар: 40
Қайсар рухты қаламгер

Қайсар рухты қаламгер

Ұлы қаламгер, арманы Ақжайықпен үндес Х.Есенжановтың туғанына 110 жыл толуына орай шығармашылығын насихаттау мақсатында  аудандық балалар кітапханасының ұйымдастырумен «Қайсар рухты қаламгер» атты әдеби кеш өткізілді.

Әдеби кешке Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің 7 «в» сынып оқушылары қатысып, орда бұзар қайратын, өткір алмастай сан қырлы талантын тар қапас қамауда өткізіп, елдің тыныс тіршілігін бейнелейтін «Тар кезең», «Шыңдалу», «Ақ Жайық» шығармаларын дүниеге әкелген жазушы Х.Есенжановтың шығармашылық өмір жолдарымен танысты. Өз кезегінде  Ф.Хайыржан Жайықтың ерке қызы, ақын А.Бақтыгерееваның  «Хамза Есенжановқа» атты арнау өлеңін мәнерлеп оқыды.  Оқырмандарға жазушының әдеби бай мұрасынан ұйымдастырылған «Ақжайығын аңсаған азамат» атты кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.

Т.Каримова,

балалар кітапханасының кітапханашысы