5.04.2018, 13:01
Қараулар: 340
Су тасқынының алдын алу айлығы

Су тасқынының алдын алу айлығы

2018 жылғы 15 ақпандағы облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының №1 хаттамасының 2.5 тармағын және 2018 жылғы 24 ақпан күнгі облыс әкімінің орынбасары Б.Азбаевтың «Су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу айлығын» (одан әрі – айлық) ұйымдастыру жоспары аясында, 2018 жылдың 27 наурызы күні Сырым ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастамасымен Сырым ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі маманы, №12 өрт сөндіру бөлімі және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық қызметкерлерінің қатысуымен аудан орталығы Жымпиты ауылында тұратын жалғыз басты жандар мен еңбек және тыл ардагерлерінің тұрғын үйлерінің су тасқынына дайындығын тексеру мақсатында рейд өткізілді.

Рейд кезінде аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық қызметкерлері еңбек және тыл ардагерлерінің аулаларындағы қарларын шығарып берді, ал Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментімен арнайы дайындалған «Су басу» және «Қардан тазарту»  тақырыбындағы жадынамалар таратып, түсінік жұмыстарын жүргізді, тұрғындардың су тасқынына қатысты сұрақтарына жауап берілді.

Бұл рейдтен бөлек №12 өрт сөндіру бөлімі мен ауылдық округ әкімдіктерінің қызметкерлерімен осы күнге дейін аудан бойынша 1758 жеке тұрғын үйге жадынамалар таратылса, Сырым ауданы әкімдігінің (шаруашылық жүргізу құқығындағы) “Сырым” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны техникаларымен 3000м3 қар шығарылды. Сонымен қатар, аудандық төтенше жағдайлар қорынан су тасқынын қауіпсіз өткізу мақсатында  3 144 000  теңге көлемінде қаражат бөлініп отыр.

С.Әнес,

Сырым ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің тәлімгері

Көкшетау техникалық институтының 4-курс курсанты

азаматтық қорғау қатардағы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар