5.04.2018, 13:02
Қараулар: 209
 » 
Деструктивті діни ағымдардан сақ болыңыз!

Деструктивті діни ағымдардан сақ болыңыз!

Деструктивті (бұл сөз «бүлдіргіш» деген мағынаны білдіреді) діни ағымдар – азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін діни ағымдар. Олардың ортақ сипаты – діни ілімнің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуынан көрінеді. Қазіргі таңда қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті. Діннің қоғамдық қатынастарға, қоғам санасының діни компонентін қалыптастыруға ықпал спектрі күшейіп, кеңейе түсуде.  Деструктивті діни ағым мүшелері отансүйгіштік, ұлтжандылық сезімдерін бағаламай, мемлекеттік рәміздерді мойындамай, әскери борышқа салғырт қарайды. Тіпті білікті дәрігерлердің көмегіне жүгінуден бас тартып, балаларының зайырлы білім алуына қарсылық көрсететіндері де бар. Деструктивтілікті анықтайтын бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Қазіргі уақытта халықты өз қатарына алу үшін деструктивті діни ағымдар тарапынан жаппай гипноз, физикалық күш қолдану секілді әлеуметтік қарсылық тудыратын әдіс-тәсілдер қолданылмайды. Себебі, жастарды құрылған торға түсіруге деструктивтік діни психологиялық баурау мен әлеуметтік топтасу әдістері жеткілікті. Деструктивті діни ағымдарға ену себебі мынадай: ақпараттық кеңістікте сараланбаған ақпараттың көптігінен туындайтын салғырттық, ақпараттың көптігінен жат дінге бару, әлеуметтік өмірдің психо-физиологиялық ауыртпалығы, азаматтардың өз өміріне мән бермеуі жатады. Деструктивті діни ағымдар сізді отбасыңыздан бас тартуға әкеліп соқтырады. Ең жақын адамдарыңызды діни ағымның алдамшы махаббатына айырбастауды жөн көресіз, ішкі сезіміңізбен қандай қиындықта болмасын алғашқы болып көмекке келетін отбасыңыздың мүшелері екенін біле тұра, деструктивті дінге алданасыз.

Үкімет тарапынан сіздің білуіңіз керек бірнеше мәліметтер ұсынылған. Олар:  Астана, Алматы қалалары мен облыс әкімдіктері жанында дін проблемаларын зерттеу орталықтары жұмыс істейді. Мекемелер мынадай жұмыстарды жүзеге асырады: ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізу; психологиялық және құқықтық кеңес беру, теріс пиғылды діни ағымдардан зардап шеккен адамдарды оңалту қызметтерін көрсету; дін мәселесі бойынша сенім телефоны жұмысын (қауырт желі) ұйымдастыру, теріс діни ағымдардың әрекетінен зардап шеккен адамдарға психологиялық, консультациялық, заңнамалық және әлеуметтік көмек көрсету. Аталған мекемелердің мекен-жайларын және телефон номерлерін «114-Қауырт желісіне» хабарласып білуге болады.  Қорытындылай келе, деструктивті діни ұйымдарға қарсы күрестің бірден бір жолы – олар туралы көптеген кітаптар, фильмдер және жастардың ғаламтор беттерін көптеп пайдалануына байланысты, сол экстремистік ағымдар туралы көптеген бейнероликтерді қою керек демекпіз. Дәстүрлі дініміз – ислам туралы көптеп мағлұмат беру керек. Ислам – бұл өз-өзін Құдайдың жолында жарып жіберуі емес, керісінше басқа адамдарды аман алып қалу керек екенін көрсету керек.

Е.Мырза,

ЖББ Бұлдырты орта мектебінің тарих пәні мұғалімі