12.04.2018, 16:05
Қараулар: 243
Денсаулық күніне арналды

Денсаулық күніне арналды

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, аудандық орталықтандырылған аурухана және «Қайсар» спорт клубының ұйымдастыруымен көпшілік жүгіру марафоны оздырылды.

Орталық стадионнан орталық алаңға дейінгі көпшілік жүгіріске әр сала қызметкерлері, аудан тұрғындары, ардагер спортшылар және мектеп оқушылары белесене қатысты. Жүгіру марафонынан соң, орталық алаңда көпшілікке арналған таңғы жаттығу жасалынып, флешмоб ұйымдастырылды. Салтанатты шара барысында аудан әкімінің орынбасары А.Саркулов пен аудандық аурухананың бас дәрігері Р.Тахамбетова сөз сөйлеп, еліміздің басты байлығы болып саналатын  адам денсаулығын сақтау басты міндет екендігін атап өтті. Шара соңында көпшілік шараға белсене қатысқан спортшылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

 

М.Гумарова