19.04.2018, 12:15
Қараулар: 131
Жүзден жүйріктер белгілі болды

Жүзден жүйріктер белгілі болды

Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын  нығайту мақсатында 10-сәуір күні 6-16 жас аралығында дәстүрлі түрде  ұйымдастырылатын,  бала арманына қанат бітіретін «Балдәурен–2018» балалар шығармашылығы фестивалі оздырылды. Фестиваль 5 жанрдан тұрды – эстрадалық вокал, хореография, халықтық музыка \домбыра\, халықтық ән\терме\, поэзия жанры. Байқауға барлығы 42 үміткер қатысып, бақ сынасты. Оның ішінен іріктеу кезеңінен гала-концертке 18 үміткеріміз өткен болатын. Олардың қабілет дарынын жергілікті өнер саласының мамандарынан құралған қазылар алқасы сондай-ақ, қазылар алқасының төрайымы – облыстық халық шығармашылығы орталығының маманы Галина Аблаева бағалады. Сонымен эстрадалық вокал жанры бойынша  ІІ орын Айзере Мереке (Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы), ІІІ орын Сапин Саят (Жосалы ауылы), хореография жанры бойынша: ІІ орын «Қызғалдақтар» би тобы (Қособа ауылы),  халықтық ән\Терме\ жанры бойынша:  ІІ орын Айару Айсиева (Өлеңті), ІІІ орын Ынтазар Ернұр (Өлеңті), Халықтық музыка\домбыра\ жанры бойынша: ІІ орын Амандық Әзілхан (Жымпиты), ІІІ орын Төлеген Темірлан (Жымпиты), Поэзия жанры бойынша: ІІ орын Жамбулов Мақсат (Тасқұдық ауылы), ІІІ орын Қайыров Ақбота (Аралтөбе ауылы) иеленді. «Жүзден жүйрік атанып, оза шапқан І орын иегерлері вокал жанры бойынша  Амандәулет  Айару, халықтық музыка\домбыра\ жанры бойынша: Үмбетьяров Ерасыл (Жымпиты), халықтық ән\терме\ жанры бойынша: Утеулина Айсана (Аудандық саз мектебі), Поэзия жанры бойынша: Ширмеден Ақбота (Өлеңті)  облыста өтетін «Балдәурен–2018» балалар шығармашылығы фестиваліне жолдама      алды. Барлық қатысушылар алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ,  гала-концертте балалар арасындағы облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегерлері өнер көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленді.

 

 

Е.ӨтенҒалиева,

Сырым аудандық «Демалыс орталығы»

МКҚК Балалар бөлімінің  меңгерушісі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар