19.04.2018, 12:18
Қараулар: 9
Жүлделі оралды

Жүлделі оралды

Орал қаласында өткен республикалық «Ұлы дала ұрпағымыз» атты балалар мен жастар шығармашылық байқауына қатысқан, Сырым аудандық балалар саз мектебінің өнерлі оқушылары жүлдемен оралды.

Домбырашылар жеткіншек (екі топ) Б.Жолдығали, Ә.Амандық, Р.Құмарғали, ІІІ дәрежелі лауреат, З.Өтеген, А.Нұрманов ІІІ дәрежелі лауреат атанса, Домбырашы Е.Үмбетяров І дәрежелі лауреат және дәстүрлі ән номинациясы бойынша сынға түскен Қ.Елеуов 1 орын, Ә.Мералы 2 орын, Е.Өміржан мен Г.Өтеулина бас жүлдемен марапатталды. Осы аталым бойынша саз мектебінің дәстүрлі ән сыныбының оқушысы Ерасыл Өміржан аталған байқаудың Халықаралық байқауына Алматы қаласына  тегін жолдама ұтып алып, мектебіміздің абыройын асқақтатты.

Фортепиано бөлімі бойынша қатысқан Р.Құмарғали 1 орын, А.Мұратова 1 орын,  А.Амангелдина 2 орын,  С.Валитова 3 орын, Н.Өтебасов 3 орынға ие болды. Сонымен қатар оқушыларымыздың жетекшілері домбыра сыныбының оқытушысы А.Сапаралиева, Дәстүрлі ән сыныбының оқытушысы Д.Қажғалиев және фортепиано сыныбының оқытушысы А.Бисенғалиева  «Үздік тәлімгер» төс белгісімен марапатталса, домбыра сыныбының оқытушысы Ж.Үмбетярова  алғыс хатқа ие болды.

 

Мақсат Жұмағали,

Балалар саз мектебінің директордың орынбасары

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар