26.04.2018, 15:17
Қараулар: 153
Білім кеңістігіндегі шетелдік тәжірибе

Білім кеңістігіндегі шетелдік тәжірибе

Елбасы Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы  жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», –  деп атап көрсетті.

Қазіргі замандағы білім берудің негізгі мақсаты: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті,  өз жұмысын жақсы білетін, жан-жағына бағыт-бағдармен қарайтын, кәсіби өсуге,  болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті маман, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, өз ойын еркін айта алатын, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, шығармашыл, оңтайлы кәсіби маман дайындау.

Осы мақсаттарды жүзеге асыруда үстіміздегі жылдың 11 сәуірінде Сырым колледжі базасында Батыс Қазақстан облысы əкімдігі білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу əдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен “Жол картасы 2018 педагог кадрларының шетелде біліктілігін арттыру іс-тәжірибесін тарату” аймақтық оқыту семинары өтті. Шетелдің озық технологиясы мен əдіс-əдіс-тәсілдерін отандық колледждерге енгізуді мақсат еткен семинарға аймаққа топтастырылған Теректі, Қаратөбе, Сырым колледжінің директордың өндірістік оқыту ісі, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, арнайы пəн оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.  Күн тəртібіндегі мəселелер бойынша  шетелде біліктіліктерін арттырып келген «Батыс Қазақстан индустриалды колледжі» МКҚК директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Т.Ахмадиев “Шетелдік оқу орындарындағы практиканы өткізу”, Орал сервис және жаңа технологиялар колледжінің Қонақ үй шаруашылығын ұйымдастыру арнайы  пән  оқытушысы  Л.Бижанова “CLIL-технологиясын оқу үрдісінде пайдалану” және осы колледждің тамақтандыруды өндірістік оқыту шебері Н.Шакенова “Чех кондитер өнімдері” тақырыптарында өздерінің іс-тəжірибелерімен бөлісті.

Қ.Аманғалиев,

«Сырым колледжі» МКҚК-ның  әдіскері