26.04.2018, 15:31
Қараулар: 103
Мәслихатта – маңызды мәселелер

Мәслихатта – маңызды мәселелер

Кеше Сырым ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХVI сессиясы өтті. Сессия жұмысына қатысқан БҚО тексеру комиссиясының мүшесі Мейрамхан Қыдырбаев 2017 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалу есебі жайлы хабарлама жасады.

Түстен кейін әкімдік қабырғасында аудандық мәслихаттың хатшысы Шынар Дүйсенғалиеваның төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі кеңейтілген тұрақты комиссиясының отырысы болды. Бұл жерде БҚО тексеру комиссиясының аудиторлық қорытындысы және 2016-2020 жылдарға арналған Сырым ауданындағы аймақтарды дамыту бағдарламасының мақсатты және нысаналы индикаторларының орындалуы туралы мәселе қаралды.

Жиналыстардың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев қорытынды сөз сөйледі.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар