11.05.2018, 10:39
Қараулар: 41
Далаға жан бітті

Далаға жан бітті

Сырым ауданында көктемгі далалық жұмыстар қарқынды жүруде. Кешегі аптада  аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ахметов пен аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Қонысбай Молдағалиев жұмыстармен танысу мақсатында Шолақаңқаты, Аралтөбе, Талдыбұлақ және Жосалы ауылдық округтерінде болды.

2017 – 2021 жылдарға арналған ауылшаруашылығын әртараптандыру жөніндегі меморандумға сәйкес аудан бойынша осы көктемде 6400 га дәнді дақыл, 3 000 га жаздық бидай, 3 000 га арпа, 400 га тары, майлы дақылдардан 300 га мақсары, сонымен бірге 5 000 га мал азықтық дақылдар егілуге тиіс деп белгіленген. Сырым аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің маманы Ахат Аралбаевтың берген мәліметінше, бүгінгі таңда жаздық бидайды егу 50% — ға, арпа 99,3% — ға,  майлы дақыл 16,7% -ға орындалыпты. Мал азықтық дақылдардың ішіндегі көпжылдық екпешөп егу жұмыстары әзірге 16,1 % -ға бітіп тұр. Далаға жан бітірген дәстүрлі жұмыстар маусым айының басына дейін жалғасады. Осы мерзімге дейін ауданның 11 700 га егіс алқабы игеріледі деген жоспар бар.

Көктемгі науқанға Шолақаңқаты, Аралтөбе, Талдыбұлақ және Жосалы ауылдық округтері бойынша 24 шаруашылық кірісті. Бұл округтердегі маусымдық жұмыстарда барлығы 118 жұмысшы, 70 техника және 54 агрегат жүр.

Округтердегі жұмыс сапарлары барысында аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ахметов еңбекшілермен жүздесті.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Ауылшаруашылық

Басқа да мақалалар