11.05.2018, 11:09
Қараулар: 42
Ардагерім – ардағым

Ардагерім – ардағым

Жақында яғни, 23 сәуір – 7 мамыр аралығында «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалының бастауыш партия ұйымдарында «Ардагерлерді ардақтайық» атты партиялық жобасы аясында тыл еңбеккерлері мен жалғызбасты қариялар медициналық тексеруден өткізілді.

«Аралтөбе» бастауыш партия ұйымының мүшелері Аралтөбе ауылында тұратын С.Молдашева, К.Бақытжанов, У.Аменова және Д.Досмухамедова сыңды тыл еңбеккерлеріне медициналық тексерулер жүргізді.

«Кособа» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен жалғызілікті қарттарға көмек көрсету мақсатында «Жалын» жастар ұйымының еріктілері жалғызбасты зейнеткер Р.Жанайдарованың үйіне барып, тазалық жұмыстарын жүргізсе, «Сырым» бастауыш партия ұйымының мүшелері тыл еңбеккерлердің үйлеріне барып, медициналық тексеруден өткізді. Сонымен қатар, Сырым аудандық орталық ауруханасында тыл еңбеккерлерге тегін медициналық қызмет көрсетілді.

«Қарасу», «Аралтөбе», «Қособа» бастауыш партия ұйымдары мүшелерінің ұйымдастыруымен аудан орталығындағы және ауылдық округтердегі Ұлы Отан соғысынан оралмаған боздақтарға арналған ескерткіштермен, саябақтарға сенбіліктер жүргізілді.

2 мамыр күні “Ардагерлерді ардақтайық” партиялық жобасы аясында «Қарасу» бастауыш партия ұймының мүшелері, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және ерікті студенттер Сальменова Анастасия анамыздың үйінің ішкі-сыртқы жұмыстарына көмектесіп қайтты. Ақ жаулықты анамыз жастарға ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді. Аталған акция барысында әлі де шаралар жалғасын табатын болады.

Ұлы Отан соғысының 73 жылдығына орай “Ардагерлерді ардақтайық” партиялық жобасының аясында Жетікөл ауылдық округіндегі Қосарал ауылында тұратын 104 жастағы Қамида əжеге Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Даргужиев, Жетікөл ауылдық округінің әкімі С.Габдуллин арнайы барып, “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мəулен Əшімбаевтің құттықтау хатын табыс етіп, мерекемен құттықтады.

 

 

Б.Мирманова