17.05.2018, 11:44
Қараулар: 53
Азаттық туын алғаш көтерген батыр

Азаттық туын алғаш көтерген батыр

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында: «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Осы орайда Сырым аудандық балалар кітапханасы ерлігімен шешендігі ел аузында  аңыз болған, халқының  бостандығы үшін жанын аямай күрескен  Сырым батыр сынды біртуар азаматтың рухын еске алып, есімін қастерлеу әрі оның қайраткерлік тұлғасын ұлықтау мақсатында Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық көтерлісіне 235 жыл толуына орай «Азаттық туын алғаш көтерген айбынды батыр» тақырыбындағы тарихи танымдық кеш ұйымдастырды. Сырым батыр есімі халық бұқарасының санасында тәуелсіздік үшін жүргізген күрес жылдарында да, одан кейінгі кезеңдерде де сақталып, бостандық жолындағы күресте халыққа дем беріп отырды, халықтың жеңіске деген сенімін арттырды.

Шара барысында  Қ.Мырзалиев атындағы ЖББ мектептің «Тарих- құқықтану» пәнінің жетекшісі Г.Нұғыманова «Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісінің тарихи маңызы» тақырыбында бейнеролик көрсетіп, кең мағлұмат берді.  8 «а», 8 «б» сынып оқушылары Н.Ғабдуллин абыз ақын Қ.Мырза Әлидің «Сырым батыр» арнауын оқыса, Э.Балапан, Ә. Джангужиева, І.Нұржанова сыры кетпеген Сырымның сырлы сөздерінен көрініс көрсетіп, шешендік сөздерін мәнерлеп оқып берді. Шара кеш қонағы «Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану» музейінің  экскурсоводы  Д.Ерланқызының музей жәдігерлерімен таныстыруымен, «Азаттықты ту еткен Сырым батыр»  атты кітап көрмесіне библиографиялық шолумен жалғасты.

 

Т. Каримова,

Сырым аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар