17.05.2018, 11:53
Қараулар: 129
Ақжолтай жаңалық

Ақжолтай жаңалық

2018  жылдың 30 сәуір-2 мамыр күндері аудандық «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК-ның үлгілі «Айналайын» би ансамблінің үлкен тобы  Алматы  қаласында І  Халықаралық көпжанрлы «ART Перспектива» байқау-фестивальге қатысып қайтты. Байқаудың мақсаты шығармашыл балаларды анықтау және өзге ұлт өкілдерінің ұлттық мәдениетін танып құрметтеу болып табылады. Конкурсқа Өзбекстан, Ресей мемлекеттерімен қоса өзіміздің Ақтөбе, Атырау, Алматы, Семей,  Астана қалаларынан әр түрлі жанр бойынша үміткерлер қатысып,өз өнерлерін ортаға салды. Барлығы 51 қатысушы болды. Сырым ауданынан барған өрендеріміз байқауда «Мереке», «Аңшылар» биін билеп, әділ қазылардың шешімімен гала концертіне өтті. Байқау нәтижесінде «Айналайын» үлгілі би ансамблі ұлттық жаңартылған би жанры бойынша жүлделі  І  орынға иеленді. Осы сапарда қаржылай қолдау көрсеткен  оқушылардың ата-аналарына, аудандық «Демалыс орталығына» және өз ұжымыма алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта жасөспірім қыздарыма ақ жол тілей отырып, алар асуларыңыз көп болсын депекпін.

Г.Нұрмұханова,

«Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының» педагог-хореографы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар