24.05.2018, 15:47
Қараулар: 10
 » 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА

Ағымдағы жылдың 17-18 күндері Қазақстан Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі тарапынан құрылған дін саласындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Сырым ауданына боды.  “Қоғамдық процестерді талдау және зерттеу орталығы” қоғамдық қорының атқарушы директоры, дінтанушы Мұстафина Толғанай Уағызқызы мен ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің әйелдер секторының меңгерушісі, теолог Аxметова Гүлжамила Ермаxамбетқызы Бұлдырты және Жымпиты ауылдарының әйел жамағатымен жүздессе, “Аңсар” коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары, теолог Талдыбаев Төлеген Өмірзақұлы аудандық мешіттің жамағатымен кездесіп, дәстүрлі дін, шариғи амалдарды кеңінен насиxаттап топтық, жекелей түсінік жұмыстарын жүргізді.