24.05.2018, 15:50
Қараулар: 11
Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халқаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауында: «Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру» делінген.

Демократиялық институттар мен құндылықтар сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен, сондай–ақ одан туындайтын қоғамның тұрақты және қауіпсіз дамуына қатер төндіретін түйткілді мәселелермен сыйыспайтыны анық. Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отқандығы шындық. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің көтеріліп жүруі үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет. Бұл — індет адамзат баласына жат қасиет. Кеңестік дәуірден бастау алған, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты, бармақ басты әдеті әлі де болса қылаң беріп келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, эканомиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз. Мемлекеттік сатып алу, мемлекеттің қаржысын талан-тараж етіп, ысырап қылу, жер телімін заңсыз беру, дүние-мүлкін, ақша капиталын салық декларациясынан, яғни мемлекеттен жасырып қалу сияқты мемлекет қалтасына қауіп төндіретін жат қылықтар әлі де баршылық.

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мемлекетіміз ТМД кеңістігінде алғаш рет «Жемқорлыққа қарсы күрес» Заңын қабылдады. Бұл заң жобасы арқылы жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принцептері анықталып, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың және оған байланысты жауапкершіліктің артылуының түрлері анықталды. Қазақстан  Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп қатерден республикамыздың ұлттық қауіпсіздігін қамтамассыз етуге, заңнын негізінде мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жауапты болатындығы көрсетілген. Бүгінгі таңға сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсаты азаматтардың құқытары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Мұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға да тартылады. Оларға біздің қоғамда  да, арамызда да орын жоқ екенін түсінгені абзал.

Ж.Зимуханова,

Сырым ауданы бойынша мемлекеттік

кірістер басқармасының бас  маманы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар