24.05.2018, 15:51
Қараулар: 19
«Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық»

«Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық»

«Нұр Отан» партиясы Сырым  аудандық филиалымен Сырым ауданы бойынша Қазақстан халқы кіші Ассамблеясының мүшелерінің қатысуымен «Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты дөңгелек үстел өтті.

Күн тәртібінде Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуі талқыланды. Жиынға «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев, Қазақстан халқы кіші Ассамблеясының Сырым ауданы бойынша мүшелері, аудандық қоғамдық келісімінің төрайымы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, Үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен төрайымдары, қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық филиалдың бірінші орынбасары бұл үндеудің Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруындағы 5 басым бағытты айқындап берген бірегей бағдарламалық құжат екенін айтты. Сондай-ақ, Елбасының ұсыныстары халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша зор әсерін тигізетіндігін атап өтті.

Осыған орай «Жас мемлекеттің болашағы жастардың қолында, осы бастамадан кейін, бүгінгі биліктің әрекеті мен бүйрегі жастарға бұрылып тұрғанын көрсетіп тұрғандай әсер қалдырды», — деді «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Жұлдыз Альпенова.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты Елбасы ұсынған жаңа бағыт мемлекеттігіміздің одан әрі нығайтуға және береке – бірлік пен саяси тұрақтылықты одан әрі нығайтып, еліміздің іргесін бекіту болып табылады.

Б.Мирманова