24.05.2018, 15:55
Қараулар: 37
Барлық шаруашылық объектілері білулері қажет

Барлық шаруашылық объектілері білулері қажет

Мал азығын дайындау және егін орағы кезінде өрт қаупі тумас үшін ТЖБ сіздерге келесі шараларды қолға алу қажеттігін ескертеді. Астық жинау науқаны басталғанға дейін оған қатыстырылатын барлық тұлғалар өртке қарсы нұсқаулықтан өтуі қажет, ал астық жинайтын агрегаттар мен автокөліктер алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (комбайндардың барлық түрлері мен тракторлар — екі өрт сөндіргішпен, екі найзалы күректермен, екі сыпырғышпен), жарамды ұшқын өшіргіштермен жабдықталуы және майлау, тұтандыру мен қоректендіру жүйесі реттелген болуы тиіс.

Темір және тас жолдардың бойындағы жолаққа масақ себуге жол берілмейді. Осы жолақта жиналған шөп шөмелелерін астық алқабынан 30 м қашықтықта орналастыру қажет.  Масақты астық алқабының пісуі алдында оның торпақты және орманды алқаптарына, далалық жолақтарда, автокөліктік және темір жолдарға жалғасқан жерлерінде ені кемінде 4 м болатын жер жырту жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Астық жинау жұмысы оларды 50 га аспайтын алқаптарға бөліп-бөліп жасалуы тиіс. Осындай әрбір участок арасы кеңдігі 8 метрден кем болмайтын етіп, орылып алынады. Бұл белдеулерден орылып алынған астық тездетіп әкетіледі. Орылған белдеулер ортасы 4 м етіп айдалады.

Дала қостары егін алқаптарынан, қырмандардан кемінде 100 м қашықтықта болуы қажет. Дала қостары мен қырмандар айналасы, кеңдігі кемінде 4 м етіп жыртылады.

Аумағы 25 га асатын егін алқабы маңында өрт шыға қалған жағдайда қолдану үшін соқа тіркелген трактор дайын тұруы қажет. Қырмандар егін алқабынан кемінде 100 м, үйлер мен құрылымдардан кемінде 50 м қашықтықта орналасуы тиіс.

Егістікте мұнай өнімдерін құю және сақтау құрғақ шөптен, жанғыш қоқыстардан тазартылған арнайы алаңдарда жүзеге асырылуы және ені 4 м кем емес жер жырту жолағы жүргізілген немесе тоқтан, шөп пен сабан маясынан, егіс алқаптарынан 100 м, ал құрылыстан 50 м кем емес қашықтықта болуы тиіс.

Астық жинау мен жем-шөп дайындау кезінде:

1) тракторларға, самоходтарға және автокөліктерге капотсыз немесе ашық капотпен жұмыс істеуге;

2) қозғалтқыштың радиаторындағы шаңдарды тазалау үшін дәнекер лампасын қолдануға;

3) егістік басында түнгі уақытта автокөліктерге жанармай құюға жол берілмейді.

Қозғалтқыштың радиаторлары, битерлердің, сұрыптағыштардың, тасымалдағыштардың және сабан толтырғыштардың белдіктері, шнектер және астық жинайтын машиналардың басқа да буындары мен бөліктері уақытылы шаңнан, сабандардан және дәндерден тазартылып тұруы тиіс.

М. Нариманов,

Сырым ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженер лауазымынан тәжірибеден өтуші азаматтық қорғау қатардағы.

 

Ауылшаруашылық

Басқа да мақалалар