24.05.2018, 15:57
Қараулар: 15
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – ортақ міндет

Заң және сот алдында барлығының теңдігі жөніндегі конституциямен бекітілген қағидасы мен  заң талаптарының  мүлтіксіз сақталуы биліктің барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шарты болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын   жүргізу – мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы, осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асыру қазіргі уақыттың  талабы.

Басқа мемлекеттік органдармен бірге сот жүйесінде де  мемлекеттің  сыбайлас жемқорлыққа қарсы  стратегиясын іске асыру  кезең-кезеңмен жүзеге асырылып жатыр.

Азаматтар және ұйымдар заң тұрғысында тыйым салынбаған кез-келген тәсiлмен ақпаратты еркін алуға құқылы, ал соттар заңға сәйкес осы құқықтардың сақталуын қорғайды. Қазіргі кезде соттардың жұмысы қоғамға түсінікті және қолайлы  болуы үшін мемлекет тарапынан көптеген тиісті шаралар алынып жатқандығы халыққа белгілі.

Заңдағы соңғы өзгерістермен   судья кадрларын іріктеу және даярлау, оларға қойылатын  талаптарды қатаңдатылды.

Сонымен бірге  сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимылдың басты шарты болатын  сот төрелігінің тәуелсіздігін нығайту және  осы саладағы заңнамалар  одан әрі жетілдіруде. Заманауи ақпараттық технологиялардың пайдалану дәрежесін кеңейтіліп, сот жұмысының айқындығын арттыру жұмыстары жүргізіліп,  оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау барысы күшейтілді.

Осындай қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларының  тиімділігін  арттыру үшін  оны құзіретті органдармен бақылау жұмыстары да жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сыбайлас жемқорлық көріністерінің жекелеген фактілерін  анықтанумен  ғана шектелмей оған  қарсы мәдениеттің және тәртіптің қалыптасуына, қоғамдық бақылаудың күшеюіне, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық  туғызатын себептер мен жағдайларды  жоюға тиімді шаралар алуды талап етеді.

Аталған заң талаптарын орындау мақсатында аудандық сотта да бірқатар жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтатын болсақ: жоспарлы түрде   тоқсан сайын  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  және алдын алу бойынша басқа құқық қорғау органдарының,  мемлекеттік органдарының  қызметкерлерімен осы тақырыпта дөңгелек үстелдер, сот ұжымы қызметкерлері арасында  сабақтар,  сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылық фактілерінің алдын  алу және еңбек тәртібін, сот ғимаратында өткізу режимін сақтау мақсатында үнемі жедел кеңестер өткізіледі.

«Төрелік» ақпараттық жүйесі бойынша сотқа түскен  істер мен материалдар  автоматты түрде бөліну барысы  қатаң бақыланады. Азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер  бойынша  сот отырыстары заманауи  құрал-жабдықтармен қамтылған сот залында дыбыс-бейне жазба  қолдану  арқылы өтеді және жазбалар іспен бірге сақталады.

Заңда көрсетілген мерзімде салық салу объектілері болып табылатын табыс пен мүлік туралы декларациялар аудандық сотынын қызметкерлерімен міндетті түрде уақытылы тапсырылуда.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік  қызмет туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметке жаңадан тағайындалған сот қызметкерлерінің  заң таптарын бұлжытпай орындайтындығы туралы ант қабылдау рәсімі  салтанатты түрде өткізіліп тұрады.

Бұдан басқа орталық және аудандық ақпарат құралдарына  сыбайластық жемқорлыққа қарсы шаралар  тақырыптарда  мақалалар жарияланады, сонымен бірге  пресс-релиз,  облыстық соттың сайттарына жариялау үшін жолданады.

Сыбайлас жемқорлықтың тамыры тереңде жатқан қауіпті әлеуметтік құбылыс болғандықтан, оның  болу себептері мен жағдайлары  жойылғанша   онымен  күрес күн тәртібінен түспейтін мәселе.

Б.Баймуханова,

Сырым аудандық сотының төрағасы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар