24.05.2018, 16:02
Қараулар: 83
Көктемгі егіс науқаны аяқталуға жақын

Көктемгі егіс науқаны аяқталуға жақын

Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев аудан аумағындағы көктемгі егіс науқанына орай  далалық жұмыс барысымен танысты. Шолақаңқаты ауылдық округінің «Абай», «Құспанкөл», «Қарағанды», «Правда», «Нұрдаулет», «Бәйтерек», «Орал», «Самға», «Жасдәурен», «Төре», «Жайлау», «Баубек» шаруа қожалықтарының егістіктерінде болып, жетекшілерімен кездесті.

«Абай» ШҚ жетекшісі Тимур Жолжанов күздік қара бидай, жаздық бидай, арпа, суданка дәнін 750 га жерге сіңіріпті. «Правда» ШҚ жетекшісі  300 га жерге еркекшөп егіпті. Аудан әкімінің айтуынша еркекшөп ауданда көп жылдан бері  жақсы шығып тұрғаны. «Самға» ШҚ жетекшісі  Асхат Жаркеев 250 га жерге сафлор, 468 га жерге  күздік қара бидай ексе, 100 га жерге тары дәнін себуді қолға алмақ.

Талдыбұлақ ауылдық округіндегі «Тінәлі» ЖШС 3700 га жерге егін салуды аяқтап жатыр екен. Көктемгі далалық жұмыстарға  1 «Джондир»,  1 «Сase»  техникалары жұмылуда.

Аудан әкімі сондай-ақ, «Рауан» ШҚ-ның егінін көрді. Аралтөбе ауылдық округіне тиесілі егіс даласын аралады.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар