31.05.2018, 17:07
Қараулар: 95
Гендерлік саясат – мемлекет дамуының көрсеткіші

Гендерлік саясат – мемлекет дамуының көрсеткіші

Гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi. Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап гендерлік теңдік мәселесі Елбасымыздың  ұстанған саясатының бір басымдығы болып келеді, оған дәлел  болатын маңызды құжат ретінде  2005 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен қабылданған   Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдіктің  стратегиясын айтуға болады.

Осы стратегияны жүзеге асыру мақсатында  2009 жылы Қазақстандық заңнаманы күшейтетін  заңдар  қабылданды.  Сондай заңның бірі   «Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңы, ол адамдар мен азаматтардың отбасылық–тұрмыстық қатынастары саласындағы заңдық мүдделері мен бостандықтарын, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесуде конституциялық  құқықтарын қорғауға бағытталған. Қабылданған заң әйелдерге қатысты тұрмыстық зарлық-зомбылықтың алдын  алу және жолын кесу жолында шынайы құқықтық жағдай жасады.

Гендерлік саясат дегеніміз, әйелдерді ерлермен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерді шешу болып табылады.

Еліміздегі гендерлік саясаттың негізгі принциптері ерлер мен әйелдер үшін Конституциямен кепілдендірілген тең құқықты және бостандықты орнату. Гендерлік теңдік саясаты алға жылжуы үшін әйелдерге саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге тең араласуы керек. Демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекетті бекітуде еліміздің  әйелдерінің рөлі ерекше және демографиялық өсімді қамтамасыз етуде әйелдердің үлесі өлшеусіз, яғни балалардың туылуы, олардың тәрбиесі айелдердің мойнында. Әйел отбасы құндылықтарының мүддесін қорғайды, күнделікті жанұясының жағдайын жасау әйел адамның абзал міндеті болып табылады. Отбасы міндеттерін қызмет міндетімен ұштастыру мүмкіндіктерін кеңейтуде оң нәтижелерге қол жетті. Соған байланысты еңбек заңнамасында ата-аналардың икемді жұмыс түрлері мен бала күтімі бойынша демалыс алуға құқықтары туралы заң нормалары бекітілген. Жүкті әйелдердің және балалары  бар әйелдердің еңбегін реттеу ерекшеліктерін бекітетін нормалар баршылық. Балалы отбасыларды қолдау бойынша шаралар кешенінде мемлекет элеуметтік жәрдемақылар мен қызметтер арқылы қолдау көрсетеді.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы N 248 Заңымен  қосылған «Әйелдердi кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы»  Конвенциясына сай, әйелдердің құқықтарын ерлермен тең негізде заңгерлік қорғауды қалыптастыруға және құзырлы ұлттық соттар мен басқа да мемлекеттік мекемелер көмегімен әйелдерді кез-келген кемсіту актісіне қарсы тиімді қорғауды қамтамасыз етуге әйелдерге қатысты кемсітулерді жою саясатын кідіріссіз барлық тиісті тәсілдерімен жүргізуге келісілген.

Басымды міндеттердің бірі әйелдерге қатысты күш көрсету жағдайларын төмендету бойынша жұмыс болып табылады.Соңғы жылдары елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған нәзік жандыларға арнап түрлі дағдарыс орталықтары ашылды.

Гендерлік теңдік мәселелерін ілгерілетуде үкіметтік емес ұйымдардың  да әйелдерге қатысты күш көрсету деңгейін төмендетудің бірден-бір жолы оларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі бойынша олардың құқықтық сауаттылығы мен хабардар болу деңгейін арттыруда және  зорлық-зомбылықтың алдын алуда рөлі зор.

2018 жылдың өткен мерзіміне  аудандық сотта қаралған   отбасында жасалған  әкімшілік құқық бұзушылықтардың барлық саны — 28 болса, соның 21-і   отбасындағы әйелдерге қатысты балағат, ар-намысына тиетін  сөздер айтып, күш қолданумен қорқытқан және  отбасының тыныштығын бұзатын  құқық бұзушылықтар. Отбасындағы әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша бір жылдың ішінде бірнеше рет қайталап жасайтындар жиі кездеседі. Сонымен бірге әйел адамдарға күш қолданылып, оларға әр түрлі  дәрежеде дене жарақаттарын салған құқық бұзушылар кездеседі.

Бұл жағдайлар   әйелдердің еңбек етіп, қоғамдық жұмысқа араласып, отбасына да уақытын қажетті деңгейде бөліп, балаларының тәрбиесімен де айналысып  жүргендігін ескермейтін, әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiне  жете назар аудармайтын және  жауаптылықты сезінбейтіндердің  әлі де болса барлығын көрсетеді, сондықтан қоғамда осы салаға  көңіл бөліп алдын алу жұмыстарын  жүргізуді қажет етеді.

Б.Баймуханова,

Сырым аудандық сотының      төрағасы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар