31.05.2018, 17:11
Қараулар: 104
Қағазсыз медицина

Қағазсыз медицина

Бүгінгі халық сұранысын тудыратын саланың бірі –медицина. Оның цифрлануы денсаулық сақтау саласындағы қызмет көрсетудің сапасын арттыра түседі. Қазіргі күні еліміздің барлық аймақтарында 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді жаңа заманға лайықты технологияларды адам тұрмысын жеңілдетуге қолдану міндеті тұрғанда одан денсаулық сақтау саласының да шеттеп қалмайтыны белгілі. Осыған орай «Цифрландыру бағдарламасы» денсаулық сақтау жүйесін, үйге жедел жәрдем мен дәрігерді шақырудан бастап бүкіл профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді толық қамтуы тиіс. Әлем елдері дамудың тетігін цифрландырудан тауып, өркендеудің формуласы ретінде тиімді қолдана бастады. Оған АҚШ, Жапония, Сингапур  сынды мемлекеттердің жолы үлгі. Ол әсіресе, мемлекеттік басқару жүйесіндегі цифрландыруы озық елге айналдырды.

2018жылдың соңына дейін барлық ұйымдар науқас туралы жазба жүргізуде қағасыз форматқа көшуі пациентпен бірге амбулаториялық карта, дәрігер жолдамасын  алып жүру қажеттілігін жояды. Ол үшін әрбір емхана мен аурухана жеткілікті көлемде компьютерлік құралдармен жабдықталуы және жоғары жылдамдықпен ғаламторға шығуы тиіс.

Алайда шалғай ауылдарда орналасқан медициналық және фельдшер-акушерлік пункттерді интернет желісіне қосуда бірқатар қиындықтардың бары анық. Қазіргі уақытта дәрігерлер бір деректі бірнеше рет жазуға мәжбүр, алдымен қағазға түсіреді, одан денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелеріне және денсаулық мекемесінің жеке ақпараттық жүйесіне енгізіп қыруар уақытын кетіреді. Ал цифрлы жүйе қолданылса, мұның бәрінен арылып, тіпті жаңадан жұмысқа келген дәрігердің өзі алдына келген пациенттің ауру тарихын сұрастырып отырмайды. Барлық мәліметті интернет арқылы  ЖСН мен цифрлы қолтанба бойынша  Қазақстанның  кез келген  нүктесінде, тіпті шет мемлекеттен де, алу мүмкіндігі туды.

Осы мақсатта 2015 жылдан бері аудандық орталық ауруханамызда медициналық  ақпараттық жүйелерді (МАЖ) енгізу бойынша жұмыстар қолға алына бастады «КАЗМЕД ИНФОРМ» бағдарламасы  бойынша медицина қызметкерлерінің арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстары басталып, жаңа цифрлы сапаға, электронды құжат айналымына көшу үрдісі жүруде. Бұл бағдарлама аясында «Қағазсыз аурухана – Безбумажная больница» және «Кезексіз емхана – Поликлиника без очереди» жобалары қолға алынуда.  «Қағазсыз аурухана – Безбумажная больница» жобасы бойынша тәуліктік және күндізігі стационарға жатқызу кезіңде тапсырылатын керекті зертеу тағайындалымдарын қағазтасығышта емес «КАЗМЕД ИНФОРМ» бағдарламасына енгізіп, электронды түрде базада сақталып отырады. Ал қазіргі таңда «Кезексіз емхана – Поликлиника без очереди» жобасы бойынша пациенттердің үйден шықпай-ақ дәрігерлердің қабылдануына жазылу және дәрігерді үйге шақырту қызметтері  «КАЗМЕД ИНФОРМ» бағдарламасының «К врачу!» қосымшасы мемлекеттік және ресми тілдегі нұсқаларымен дайындалған IOS және Android қолданушылар арқылы қолжетімді. Сонымен қатар науқастарға дәрігердің берген тағайындаулары мен рецепттердің қарау мүмкіндігі қарастырылған. Бағдарламалардың артықшылығы медициналық қызметтің онлайн режимінде қолжетілімдігі тұрғындар денсаулығының профилактикасы,  дәрігерлермен науқастардың да  уақыттың үнемдеу медициналық көрсетілетін қызметтің автоматты  түрде жүргізілуде және техникалық қызметтің аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат жұмыс жасауы болып табылады. Осыған орай аурухана әкімшілігі аудан тұрғындарын   «КАЗМЕД ИНФОРМ» бағдарламасының «К врачу!» қосымшасына тіркелуге шақыра отырып, амбулаториялық карточкаларыңызды тұрғылықты жердегі медициналық мекемелерге келіп алуларыңыз сұралады. Қосымша ақпараттар үшін анықтама  телефоны: 22981.

Р.Тахамбетова,

Сырым аудандық орталық

ауруханасының   директоры